» » ІІІ тоқсан қалай оқытылуда?

ІІІ тоқсан қалай оқытылуда?

Өткен жылдан бері ғаламды дүрліктірген дерттің ауылы әлі де алыстар емес. Десе де, бұрынғыға қарағанда дерт құрсауына ілінушілер саны азаюда. Бұл сақтық шарасын қатаң сақтағаннан да болар. Ұрпақ амандығы үшін мектептер толықтай онлайн режимге көшкен болатын. Оқу жылының басында бастауыш сынып оқушылары ұстаздарымен қауышса, ІІІ тоқсан бітіруші сыныптар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олар да мектеп қабырғасына келіп, партада отырып білім алуда. Білім министрлігінің айтуынша, оқушыларды жаппай емес, біртіндеп қосу саулық үшін тиімдірек.

– Бүгінде аудан бойынша барлығы 14977 оқушы бар. Олардың 10511-і дәстүрлі білім алуда. Бастауыш сыныптар қыркүйектен бастап мектеп қабырғасына келсе, бітіруші 9-11 сыныптар ІІІ тоқсаннан бері дәстүрлі білім алуға көшті. Мектепке келуші оқушылардың ата-аналарымен өзара келісім жасалып, санитарлық талаптар түсіндірілді, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Шырын Наукебаева.
Бітіруші түлек үшін мектеп қабырғасында білімін жалғастыру үлкен қуаныш болғаны анық. Себебі алдағы үлкен асу Ұлттық бірыңғай тестілеуге ұстазбен бірге дайындалуға да мүмкіндік зор. Оқушылар балалық кезеңнің қызығы мен шыжығы ретінде есте қалар партадағы кезең білім ордасында жалғасқанына риза.
– Елдегі жағдайға орай өткен жылдың ІV тоқсанынан бастап онлайн түрде білім алдық. Басында қиындық тудырғанымен, кейіннен оған да үйрендік. Онлайн жүйе оңай болғанымен, ұстаз алдынан білім алғанға жетпейді. Себебі экранның арғы жағынан ұстаздың бізге төккен мейірімі мен риясыз сүйіспеншілігін сезіне алмаймыз. Сондай-ақ білім нәрін беруші ұстаздар мен қатарлас достарды, сыныптастарды сағындық. Қазір санитарлық талапқа сай білім алудамыз. Осындай қатаң тәртіппен болса да, мұғалім алдына, мектеп қабырғасына қайта келгенімізге қуаныштымыз. Біз осы жылы бұл алтын ұядан түлеп ұшамыз. Сондықтан да қайта оралмас тәтті шағымызда мектепте өткізген әрбір сәтіміз бағалы, – дейді 11 сынып оқушысы Перизат Каналбекова.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
16 қаңтар 2021 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930