"Халық заңгері" науқаны жалғасуда
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақытылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен2020 жылдан бастап, ай сайын облыс көлеміндегі барлық аудандарда және «Антикор орталығының» ғимаратында«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауда.
Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына,2020 жылдан бері облыс көлемінде 33 рет өткізіліп, жалпы 1000нан аса азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиістімемлекеттік органдардыңбілікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тегін құқықтық кеңестер алды.
Аталған шараларҚызылорда қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамда «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны азаматтардың оң пікірі мен алғысын алып, болашақта халық пен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы арасындағы біріктіруші «көпір» болуға мүмкіндік беретін іс-шара ретінде көрінуде.
Қазіргі уақытта, карантиндік жағдайға байланысты бұл шара онлайн форматына ауыстырылды.
Осыған орай, бұл дәстүрлі науқан онлайн форматында «Антикор оратығы» ғимаратында ай сайынтұрақты түрде жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, заң саласының танымал мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады және шараның өтетін уақыты, қай сала өкілінің қатысуымен өткізілеті туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаментініңресми сайтында жариялануда.