» » Азаматтарға құқықтық кеңес беру.

Азаматтарға құқықтық кеңес беру.


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімін арттыру мақсатында қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.
«Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың ақпан, наурыз айларының 11-12 күндері облыс көлеміндегі барлық аудандарда және «Антикор орталығының» ғимаратында «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған болатын.
Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өткен жылы республика бойынша «Параграф» ақпараттық жүйесі және «Закон KZ» желісімен бірлесіп өткізілген бірыңғай республикалық «Халық заңгері» акциясы 18 мыңнан аса азаматтарды қамтып, 2500-ден аса мемлекеттік органдар мен сарапшылардың, азаматтық қоғамның тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етті.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына, ағымдағы жылдың 3 айында облыс көлемінде жалпы 231 азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тегін құқықтық кеңестер алды.
Науқанның ауқымдылығын ескере отырып, сонымен қатар жастар арасында еріктілікті дамыту мақсатында заң факультеттерінің студенттері іс-шара барысында азаматтарға да, мемлекеттік қызметкерлерге де көмекке шақырылды. Нәтижесінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарға теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануда баға жетпес тәжірибе жинауға мүмкіндік берілді.
Іс-шара барысында өткізілу орындарында Агенттіктің қызметі туралы бейнероликтер көрсетіліп, халық арасында жобалар туралы ақпараттық материалдар таратылды.
Аталған шаралар Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамда «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны азаматтардың оң пікірі мен алғысын алып, болашақта халық пен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы арасындағы біріктіруші «көпір» болуға мүмкіндік беретін іс-шара ретінде көрінуде.
Қазіргі уақытта, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайда енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ COVID-19 коронавиурсының таралуына жол бермеу мақсатында барлық шаралар уақытша тоқтатылып, онлайн форматын ауыстырылды.
Осыған орай, бұл дәстүрлі науқан онлайн форматында «Антикор оратығы» ғимаратында ай сайын тұрақты түрде жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, заң саласының танымал мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады және шараның өтетін уақыты, қай сала өкілінің қатысуымен өткізілеті туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ресми сайтында жариялануда.
Бұл ретте, ағымдағы жылдың 9 сәуірінде сағат 10.00-де тікелей эфирде, яғни фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілері арқылы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына 2019 жылдың желтоқсан айында енгізілген өзгерістер туралы және төтенше жағдай кезінде сот үкімдерінің орындалу тәртібі туралы (алимент) тақырыбында, Әділет департаментінің филиалы Қызылорда қаласының №2 сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Г.Есентайқызының қатысуымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Аталған шараға онлайн режимінде, яғни тікелей эфирден 91 азамат қатысып, қойылған сұрақтары бойынша жауаптар алды, сондай-ақ төтенше жағдай уақытында тұрғындар тарапынан туындаған және коммуналдық төлемдер, борышкерлер мәселесіне қатысты құқықтық кеңестер берілді.
Бүгінгі күні сауатты да салауатты ел қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында осы сынды шаралардың өткізілуі маңызды.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.

Нұғман Үсенұлы Жакудаев,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Превенция және парасаттылық басқармасының
бас маманы

17 сәуір 2020 ж. 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031