» » Дәмелі ЖАЛҒАСБАЕВА: "Тәуелсіздік – талай ердің аңсаған жақұты"

Дәмелі ЖАЛҒАСБАЕВА: "Тәуелсіздік – талай ердің аңсаған жақұты"

Ана тіліне жетік, ата-баба дәстүріне бекем, дініне адал, ұлтына мейірбан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 30 жылда ел сенімін ақтады. 100-ден аса ұлтты ынтымақпен басқарып, ың-шыңсыз «Тар жол, тайғақ кешуден» алып шықты. Қантөгіссіз өткен 30 жыл ширек ғасырдың емес, тұтас дәуірдің жүгін арқалап тұр. Ел аман, жұрт тыныш болса, алдымызда әлі талай асу бар. Осы күнге дейін жеткен жетістіктер – толағай. Барды бар, жоқты жоқ дейік. Барға тәубә етейік. Елсіз, жерсіз жүргендер де бар. Олар – бізге қызыға да қызғана қарайды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында осының бәрін жүйелі жеткізген. Олай болса біз, елдің татулығын, ынтымағын жыр етейік. Көшбасшымыздың сара саясатының қолдаушысы болайық. Өз тілімізде сөйлеп, өз дінімізді мақтан етейік. Міне, сонда ғана, тәуелсіздіктің жанашыры, оның қорғаны болуға лайықпыз. Әйтпесе, құр кеуде кергеннен, омырауды тоқпақтағаннан ұтарымыз аз. Тәуелсіздік – талай ердің аңсаған жақұты.
Дәмелі ЖАЛҒАСБАЕВА,
қоғам белсендісі
09 қаңтар 2021 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 624
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031