» » Жаңажол ЖШС «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясын қолдады

Жаңажол ЖШС «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясын қолдады

Мемлекет басшысының Ел азаматтарының табысын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсартуға байланысты берілген тапсырмасы аясында Жаңа жыл мерекесіне орай халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауға арналған «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясы өткізілген. Осыған орай «Жаңажол» ЖШС директоры О.Ө.Төлепов акцияны қолдай отырып, «Тыл ардагерлері» мен интернационалист - жауынгерлерге облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың атынан Құттықтау табыс етіліп, сый – сияпат көрсетілді. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс Ұлы Отан соғысы. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Сол үшін оларды құрметтеу бүгінгі ұрпақ парызы.
Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды.
Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды.
Міне, осындай «Тыл ардагерлері» мен интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр, бастарыңызға байлық, жанұяларыңызға амандық, кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!
«Жаңажол» ЖШС ұйымдастырушы-программисі Серік САПАКОВ
07 қаңтар 2021 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930