» » Halyk Bank аз қамтылған отбасылардың үйіне газ орнатуда

Halyk Bank аз қамтылған отбасылардың үйіне газ орнатуда

Алматыда әл-ауқаты төмен отбасыларға көмек көрсетілуде. Бұл жолы орталық жылыту жүйесіне қосылмаған азаматтар қыс басталуымен газ құбырын үйлеріне орнату мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік осал топтар, атап айтсақ, асыраушысынан айырылғандар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлері мен мүгедектері бар отбасыларға Halyk Bank осылайша көмек көрсетуді жөн көрді. Бұған қоса, аталмыш жобаның әлеуметтік маңызынан бөлек, экологиялық пайдасы да зор. 

халык

"Біздің ұйым құрылыстық талаптар мен ережелерді, техника қауіпсіздігін сақтай отырып газ жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. Жылыту қазандықтарының астында отқа төзімді, керегеде газдың шығып кетуінің алдын алуға арналған құрылғылар орнатылды. Мұның барлығы отбасылардың барынша ыңғайы үшін орталық жылу жүйесінің жалғанды", - дейді Temel Group Stroy ұйымының атқарушы директоры Аслан Төлеутаев. 
Қала әкімдігінің бастамасымен және Halyk Bank-тің ұаржылай қолдауымен 60-тан аса үйде газдандыру және жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, ІІІ топ мүгедегі, Абай саяжайының тұрғыны Галина Гончарова өз бетімен газ жүйесін орнату мүмкіндігі болмаған. Баласы із-түссіз кеткен, небәрі 32 мың теңгеге жетер-жетпес зейнетақы алатын ол биыл күзде газбен қамтамасыз етілді. 
"Өзім орнатуға қауқарым жетпейтін газ құбырын үйіме жалғап берген Halyk Bank-ке алғысымды айтамын. Қыста от жағу мен үшін үлкен азапқа айналатын. Жыл бойы көмір алу үшін ақша жинаймын. Мысалы, осы күзде бес тонна көмір мен отынға 110 мың теңгеге жуық қаражат жұмсадым. Енді газды қолданамын, бұрынғыдай оттың күлін шығарып, үйге отын-көмір тасымаймын", - дейді Галина Гончарова. 
Бір үйді газбен жылыту жүйесіне қосылу үшін 170 мыңнан астам қаражат қажет екен. Жобаның тағы бір қатысушы Гүлбахрам Болтакованың үйінде қазандықты қоятын жер болмапты. Ол үшін жаңа бөлме салынған. Орта есеппен жобаға қатысушыға 600 мың теңге ақша қарастырылған, алайда бұл үйге газ орнату 800 мыңға айналған. 
"Құрылысшылар келіп, бір бөлме салып, іргетасын құйып, терезесі мен есігін, үлкен екі батерея орнатып кетті. Бізде бұрын батерея жоқ еді, отынмен үйді жылытатынбыз. Бір тиын да алған жоқ. Осы қысы жылы үйде қарсы алатынмызға қуаныштымыз. Halyk Bank-тің осы игі бастасы үшін менің және қыздарымның атынан алғыс білдіремін", - дейді Гүлбахрам Болтакова. 
2019 жылы әлеуметтік осал отбасылар тұратын 210 мекенжай таңдалып, олардың 148-і газбен қамтамасыз етілді. Қосымша 92 мекенжай Halyk Bank-тің қайырымдылық жобасына қосылды. Шамамен мұның барлығына 60 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. 


29 желтоқсан 2020 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 403

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930