» » Сайлаудың әділ өтуі байқаушыларға байланысты

Сайлаудың әділ өтуі байқаушыларға байланысты


10 қаңтарда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні белгілі. Сайлаудың ашық және заң талаптарына сәйкес өткізілуіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында өңірде байқаушылар штабы да құрылды. Штаб құрамында «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының мүшелері мен белсенді азаматтар бар. Бұл туралы облыстық байқаушылар штабының жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов хабарлады.
Штаб жетекшісінің айтуынша, сайлау күні облыстағы 376 сайлау учаскесінде тиісті мониторинг жүргізіледі. Байқаушылар сақадай сай. Бұған дейін олар Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы тарапынан келген шетелдік байқаушылармен кездесіп, тәжірибе бөліскен.
– Байқаушылардың бірі –  Германия елінен келген Инго Бютнер және Ресей Федерациясынан келген Андрей Оствальд. Екі азамат та – ЕҚЫҰ құрамындағы елдерде өткен сайлау барысына байқаушы ретінде қатысқан сарапшылар. Кездесуде штаб жұмысы таныстырылып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік болды. Бұдан бөлек, өңірдегі байқаушылар арнайы оқытуларға қатысқанын да айту керек, оның ішінде 100 мобильді капитан бар. Олар заңнама талаптарынан аттамау, әділ сайлауды қамтамасыз етуді алға міндет етіп отыр, – деді Ж.Тұсмағамбетов.
Жиында белсенді тұрғын, сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі заң аясында, ашық өтуін қалайтын ерікті байқаушы Серік Ерімбетов «азаматтардың әділ, демократиялық таңдауын жасауына үлес қосу – азаматтық парызым» деген ойын білдірді.


23 желтоқсан 2020 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930