Пиротехникалық өнімдер бақылауға алынды
![](/uploads/posts/2020-12/1608618985_pirot.jpg)
Бүгінде тез жанғыш материалдар мен пиротехникалық заттар сататын сауда орындары тексерілуде.
Қармақшылық инспекторлар, әсіресе, апат орын алған жағдайда эвакуациялық шығу жолдарының болуына, дабыл қондырғыларының орнатылғанына, электр желілерінің жарамдылығына, өрт сөндіргіш құралдардың болуына назар аударуда.
Жаңажыл мейрамы отшашусыз өтпейтінін ескеріп пиротехникалық өнімдердің пайдасынан зияны көп екенін және пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды түсіндіру мақсатында кенттегі сауда орындарында жергілікті полиция қызметі бөлімшесі, төтенше жағдайлар бөлімі және еріктілердің қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Негізінде пиротехникалық заттарды мемлекеттік лицензиясы бар мекемелер ғана сата алады. Оның басқа орындарда сатылуы заңға қайшы.