» » Банк "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйге алғаш рет ипотека берді

Банк "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйге алғаш рет ипотека берді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі биыл қыркүйек айында «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жаңа өзгерістерді бекіткен болатын. 

Жилстрой

Бағдарламаның жаңа талаптарына сәйкес, Қазақстан азаматтары екінші деңгейдегі банктің жобасы бойынша үлестік қатысу шеңберінде немесе тұрғын үй құрылысының жалғыз операторының кепілдігімен салынатын тұрғын үйді сатып алуға ипотека ресімдей алады. Сонымен бірге, бастапқы нарық үшін тұрғын үй құнының ең жоғары лимиттері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 25 млн теңгеден 35 млн теңгеге дейін, сондай-ақ бастапқы және қайталама тұрғын үй үшін - Шымкент қаласында 25 млн теңгеге дейін және Қарағанды қаласында 20 млн теңгеге дейін өзгертілді.
«Баспана Хит» бағдарламасының жаңа талаптарын бірінші болып Алматы қаласының тұрғыны Ләйлә Анасова пайдаланып көрді. 
«Көптен бері үйімізді кеңейту жолдарын іздеген едім», - дейді Ләйлә. «Біз отбасымызбен екі бөлмелі пәтерде тұрдық. Оның көлемі небәрі 50 шаршы метр. Біз үшін өте тар еді. Салынып жатқан үйдің дайын үйге қарағанда арзан екенін білетін едім. Бірақ құрылыс салушының бөліп төлеу талаптары маған қолайсыз болды».
Ләйләнің айтуы бойынша, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйді сатып алуға болатыны туралы ақпаратты әріптесінен естіген. Сол бойынша жаңалықтарды оқып, біліп жүрді. Бағасы қымбат емес және орналасқан жері барынша қолайлы, құрылыстың аяқталуына кепілдігі бар тұрғын үй кешендерін іздестіре бастаған.
«Нәтижесінде ЦентрКредит Банк аккредиттеген Qazaq Stroy құрылыс компаниясынан «Terracotta» тұрғын үй кешенін таңдадым. Зейнетақы қорынан алынатын қаражаттың есебінен ипотеканы жартылай жабуға ниеттімін. Құрылысшылар үйімізді келесі жылдың күзінде пайдалануға беруге уәде беріп отыр», - дейді Ләйлә.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықовтың  айтуынша, банктер қаржылық тұрақтылығын тексеріп, аккредитациядан өткізген құрылыс компанияларының салынып жатқан тұрғын үй нысандары «Баспана Хит» бағдарламасына қатыса алады. 
«Баспана Хит» бағдарламасының жаңа талаптары тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және бастапқы тұрғын үйге сұранысты көбейтуге бағытталған. Жақын арада бағдарламаның жаңа талаптары бойынша ипотекалық қарыздар беруге басқа да банктер мен аккредиттелген құрылыс салушылар қосылады», - деді Рүстем Қыдықов.
Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру мақсатында «Баспана Хит» ипотекасын 2018 жылы іске қосқан еді. Бүгінгі күні 40 мыңнан астам қазақстандық осы бағдарлама бойынша үйлі болды.
14 желтоқсан 2020 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031