» » Қазақстан жедел төлемдер жүйесіне қашан көшеді?

Қазақстан жедел төлемдер жүйесіне қашан көшеді?

Үкімет отырысында Қазақстанның ұлттық төлем жүйесіне көшетін мерзімі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz



Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін қалай жүзеге асырылатынын айтты. Досаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының 30 қарашадағы тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының ұлттық төлем жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады. 
«2021 жылы бірінші кезеңде жедел төлем жүйесін дамыту және банкаралық төлем карточкалары жүйесінің құрылысы жүзеге асырылады. 2022-2023 жылдары жаңа қызметтерді қосуға баса назар аударылатын болады», деді ол.
Осылайша, ISO 20022 қаржылық хабарламаларының халықаралық стандартының форматына көшу, қашықтықтан сәйкестендіру қызметін дамыту, Open API және Open Banking-ке қойылатын талаптарды тұжырымдау, қаржы нарығындағы инновацияларды қолдаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, ЕАЭО мен цифрлық валютадағы үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. 
2024-2025 жылдары ұлттық төлем инфрақұрылымын және жаңа қызметтерді дамыту жұмыстары жалғасады. Бағдарламаға енгізілген іс-шаралардың сәтті жүзеге асырылуы қолма-қол ақшасыз төлемдер шығындарының 2 есеге төмендеуіне, төлемдерді ел ішінде екі күннен бір минутқа дейін жеделдетуге әкеледі.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолдану аясы кеңейеді. Сондай-ақ ұлттық төлем жүйесі шетелдік операторларға тәуелділікті жояды, деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.



10 желтоқсан 2020 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930