» » Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

Ұлттық банк 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алуға арналған қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл сервисте «бет-әлпетін тану» технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай-ақ, қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген», – делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, биометриялық сәйкестендірудің көмегімен банкте шот немесе депозит ашып, төлем карталарын шығара алады, кредит алуға да мүмкіндік бар.

«Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында жаңа сын-қатерлерге жауап береді. Қаржы қоғамдастығының сервисті пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді», – деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Жаңа сервис банктермен қоса, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Ұлттық банк сервисті қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Жүйе осы жылдың сәуірінде пилоттық режимде іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде биометриялық сәйкестендіру екінші деңгейлі 11 банкке халыққа 2,8 миллион қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Жаңа жүйенің операторы – ұлттық банктің еншілес ұйымы «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК.
01 қазан 2020 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 212

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 321

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930