» » Саяси кеңес бюро отырысы өтті

Саяси кеңес бюро отырысы өтті

Бүгін аудандағы «Nur Otan» партиясы ғимаратында кеңес мүшелерінің қатысуымен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Жиында карантин талаптарын сақтай отырып, күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Олар:
1. «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясының күн тәртібін бекіту;
2. Банктік құжаттарға қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларды бекіту туралы;
3. «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы.
Күн тәртібіндегі мәселенің қабылдануына кеңес мүшелері бір ауыздан дауыс беріп, бекітті. Бюро отырысында «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов ұсынылған мәселеге жеке-жеке тоқталды. Партия төрағасы күн тәртібіне ұсынылған мәселені басшылыққа ала отырып, кеңес мүшелерінің қолдауымен қаулы қабылдады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 қараша 2020 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 782
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930