» » Түлектер пулы: Қызылордалық мемлекеттік қызметшілерді оқытады

Түлектер пулы: Қызылордалық мемлекеттік қызметшілерді оқытады

Қызылорда облысында «Болашақ» бағдарламасы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясытүлектерінің арнайы пулы құрылды.Түлектер пулы шетелде және Академияда алған білімдері мен тәжірибелерін облыстағы мемлекеттік қызметшілермен бөлісетін болады.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Академияның облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған онлайн кездесуде мәлім етілді.
Кездесу «Болашақ» бағдарламасының құрылған күнімен тұспа-тұс келіп отыр.Аталған стипендия Елбасы шешімімен 1993 жылғы 5 қарашада тағайындалған.
Департамент басшысы Рафхат Бисеновтің айтуынша, мұндай бастама аймақта алғаш рет қолға алынып отыр.
«Кездесудің мақсаты шетелде және Мемлекеттік басқару академиясында білім алған мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін пайдалану. Осы мақсатта аталған түлектердің қатарынан арнайы пул, яғни тренерлер тобын жасақтаймыз. Олар өз кезегінде облыстағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында шеберлік сабақтарын өткізеді», - деді Р.Бисенов.
Шеберлік сабақтары Академияның облыстық филиалы базасында жүзеге асырылады.Бір сөзбен айтқанда, «Өзгерістер агенті» деген атауға ие болатын түлектер жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді дайындауға атсалысады.
«Филиал базасында жыл сайын 600-дей мемлекеттік қызметші түрлі курстардан өтеді. Олардың қатарында біліктілігін арттырушылармен қатар мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқандар бар. Түлектер пулыныңөз тәжірибелерімен бөлісуі білікті мамандар дайындауға ықпал етеді. Алдағы уақытта «Академия және Болашақ түлектері: ынтымақтастық және бастамалар» тақырыбында облыстық семинар өткізуге уағдаластық. Аймақтағы мемлекеттік қызмет аппаратының кәсібилігін арттыратын «Идеялар фабрикасын» құру жоспарлануда», - деді Академия филиалының директоры Мұрат Әйтімов.
Сонымен қатар, пул мүшелері облыстың қоғамдық өміріне де белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта қайырымдылық акцияларына, еріктілер шараларына қатысатын болады.
Ақпарат ретінде: бүгінде Қызылорда облысында "Болашақ" бағдарламасының - 6 және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының - 20 түлегі мемлекеттік органдарда қызмет етеді.


ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
09 қараша 2020 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031