» » Елбасы - менің өмірімде

Елбасы - менің өмірімде

«Әрбір бала бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем ет», деген әдемі ұғым санаға серпін беріп, ұстаз жауапкершілігін арттыра түседі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 сынып оқушысы Оңғарқызы Арай жыраулықтың туын тіккен шайырлар мекені Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген перзент болғаннан болар, бес жасынан жыр тыңдап, орындай білуге құмартты. Көп балалы отбасында дүниеге келген.

Арайдың арманы биік белестерді бағындырып, бабалар жырын насихаттау, білікті жыршы болу. Бес жасынан бастап, орындыққа көтеріп отырғызып, қолына домбыра ұстатып жыраулықтың қадамына алғаш жетелеп, өнердің өрелі тұғырына жеткізген ұстазы Тасберген жырау мектебінің оқытушысы Зәуре Кәрібаева болатын.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Тасберген жырау ұрпағы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 сынып оқушысы Оңғарқызы Арай Елбасы алдында Алматы қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған өлкетану мұражайында ақын, жырау Айдос Рахметовтың «Елін сүйген Елбасы» термесін орындады. Тұла бойынан өнері тамған 8 жасар өреннің өнеріне, орындаушылық қабілетіне риза болған Елбасы Н.Ә.Назарбаев Арайдың бетінен сүйіп, қазақтың киелі домбырасын сыйға тартты.
2017 жылы Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында қазақтың дәстүрлі жыр өнерін паш етті.
2018 жылы Қырғызстанның Бішкек қаласында Халықаралық өнер фестивалінде «Гран – При» иегері атанды.
2019 жылы Алматы қаласында «Ұлы дала Елі» Халықаралық жыршылар фестивалінің жеңімпазы атанды.
2019 жылы Азербайжан елінің Баку қаласындағы «Мугама» орталығында «Жас Мугамашылар» фестивалінде Қазақстанның атынан қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды.


Арай қыз!

Сыр Елі ардақ ұрпағын жырмен тербеген,
Жыр қонған өлкем мерейі үстем елменен.
Қасиет қонған Қармақшы жері киелі,
Қорқыт бабамның қобызы сарнап желменен.

Қос ішектің төгілген нөсер жырлары,
Шайырлар туған мекенін елім жырлады.
Бабадан қонған киелі өнер қонақтап,
Арай қызымның нұрланып бүгін тұр маңы.

Ұлағаттаса Елбасын ерек мақтанып,
Халқым да тұрды ақ періштем деп шаттанып.
Риза болып Елбасым сыйға ұсынған
Ақ домбырамен Арайға қонды Бақ тауып.

Елбасым үміт күтетін ұрпақ болғайсың,
Бабалар аңсар, биіктерге самғап, қонғайсың.
Ұстаздарың шаттанып жатыр мақтанып,
Болашақты әлі – ақ домбыраңмен толғайсың.
Жұлдызың жарқырай түссін Арайжан!

Зарипа ТАСЫМОВА,
"Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
29 қазан 2020 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930