Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесмемлекеттік қызметшілерге заңсыз қолданылған тәртіптік жазаларды жоюды тапсырды.
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыстағы мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы қаралған болатын.
Талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген. Талдау жұмыстары нәтижесімен бірқатар мемлекеттік органдарда тәртіптік жаза қолдану барысында жіберілген заңбұзушылықтар анықталған.
Нақтырақ айтқанда, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылдық округінің әкіміөз түсінігінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе де, аудан әкімдігіқызметтік тексеру жүргізбестен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданған.Дәл осындай заңбұзушылықпенҚызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасарына да тәртіптік шара көрілген.
Кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы Рафхат Бисенов«Әдеп жөніндегі кеңес заңбұзушылықтарға жол бергендерді жазалаумен қатар, мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделерін қорғайды. Осы мақсатта,Қазалы ауданы, Бозкөл ауылдық округінің әкімі мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасарына қолданылған тәртіптік жазалардың күшін жою жөнінде шешім қабылданды», - деді.
Жыл басынан беріаймақтағы мемлекеттік органдарда445 қызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Олардың басым бөлігіне«ескерту» берілсе, 128-не«сөгіс», 26-на«қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік шара алғандардың 184 басшы лауазымдағылар.
ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы