» » Әдеп жөніндегі комиссия қызметінің жұмыс нәтижелері туралы

Әдеп жөніндегі комиссия қызметінің жұмыс нәтижелері туралы

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Мадина Наурызбек ақпарат берді.
2018 жылы Әдеп жөніндегі Комиссияның 5 отырысы, 2019 жылы 1 отырысы өткізіліп, онда 18 мәселелер қаралған (оның ішінде, тәртіптік істер – 12, әдеп жөніндегі уәкіл қызметі туралы – 4 және тәртіптік комиссиялар қызметі – 2).
Әдеп кодексін бұзғаны үшін 4 қызметшіге – ескерту, 3 қызметшіге – қатаң сөгіс жарияланды, 1 қызметші атқаратын лауазымынан босатылды.
Мысалы, Парламент Сенаты Аппаратының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің меңгерушісі Е. бағынысты қызметкерлерге қатысты дөрекі және әдепсіз мінез-құлқында, ұжымда қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал туғызғаны, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны, Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.
Тағы бір тәртіптік іс Әділет министрліктің қызметкерлеріне қатысты қозғалды. Нәтижесінде, И. және М. мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 68-тармағындағы «тәртіптік комиссияның қызметіне қандай-да бір араласуға жол берілмейді» делінген  талабын бұзғаны үшін Министрліктің тәртіптік комиссиясы отырысының барысына заңсыз араласқаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні Комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары О. қатысты тәртіптік іс қаралды.
Атап өту қажет, Агенттіктің қызметтік тексеру жүргізуіне Мәдениет және спорт министрлігінің материалдары және полиция органының О. қатысты толтырылған әкімшілік хаттамасы негіз болды.
Қызметтік тексеру қорытындысымен О. әрекеттерінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болуымен көрінген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің бұзушылықтары анықталған.
Отырыс нәтижесінде, Комиссиямен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары О. қатысты «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Айтап өту жөн, Комиссияның құрамына орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
26 сәуір 2019 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031