» » Туған күн тойлаған әкімдік қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды

Туған күн тойлаған әкімдік қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды


Елімізде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантиндік шектеулер енгізіліп, ұжымдық, жанұялық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдеп-ғұрып шаралары және т.б.) барлық жиындарға тыйым салынған болатын.
Дейтұрғанмен, аталған шектеулерді бұзатындардың қатарынан карантин талаптарының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлері де кездесуде.
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шектеулерді сақтамаған Шиелі ауданы әкімдігінің 4 қызметкерінің тәртіптік істері қаралды.
Тәртіптік істерді қарауға «Youtube» сайтында жарияланған бейнежазба негіз болды.Бейнежазбада Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бірнеше әкімдік қызметкерлерініңкарантин кезеңіндегі шектеулерге қарамастан, туған күн кешіне қатысып, тойлап жатқаны жарияланған.Әкімдік қызметкерлерікарантин талаптарын сақтамай, өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтар тарапынан сыни пікірлердің туындауына себепкер болған.
Тәртіптік істердің материалдарымен танысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері,карантиндік шектеулерді сақтамай Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысына «сөгіс»берілгені дұрыс деп тапты.
Ал, туған күн кешіне қатысқан аудан әкімі аппаратыныңбас маманына, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасарына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жөнінде шешім етті.

ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы
03 қыркүйек 2020 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930