» » Қазақстанда «музыка ойнайтын жол» пайда болды

Қазақстанда «музыка ойнайтын жол» пайда болды

«Нұр-Сұлтан—Шортанды» автомобиль жолында музыкалық шу тудыратын жолақтар орнатылды. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жасаған пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді. «Музыкалық жолдар» жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ. Шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің жинақталуына көмектеседі.


28 қазан 2020 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 814
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 509

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930