» » «Қазақстан ядросыз қарусыз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Қазақстан ядросыз қарусыз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен жас ғалымдар және «Жасталап» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің арасында «Қазақстан ядросыз қарусыз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Қазақстан ядросыз әлем құру туралы өзіне алған міндеттемені жүзеге асырды. Тоқсаныншы жылдары Семей полигонын жабу үлкен тарихи іс болды. Ядролық қаруды одан әрі таратпас үшін төмен байытылған ядролық отынды Қазақстан жерінде сақтау жөнінде бастама көтерілді. Бұл көптеген елдер тарапынан қолдау тауып отыр. Мұның мақсаты - ядролық отынды бейбіт өмір үшін қолдану»,- деп атап өтті «Jas Otan» ЖҚ Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Бекматов Нұрасыл.
Кездесу барысында лаңкестік ұйымдар әлемге қауіп төндіріп отырғандығы, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан елдерін ортақ мақсат үшін күресуге шақыруы - әлем қауіпсіздігі үшін өте қажет екендігі және Елбасының бұл бастамасын әлем қолдап отырғандығы тілге тиек етілді. Қазіргі таңда әлем жұртшылығы лаңкестікпен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресуі қажет. Ал бұл манифест осы істің бастамасы болмақ. Сондықтан, Қазақ елі тұрақтылық пен бейбітшіліктің үлгісі болуда деген пікірлер айтылды.
23 қазан 2020 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 176
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 739

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031