» » Оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу өтті

Сәрсенбіде кенттегі Қорқыт ата көшесінде орналасқан №121 орта мектеп аумағында "Антитеррор – 2020" оқу-тактикалық жаттығуы өтті. Шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.

Терроризм актісінің алдын алу үшін құқық қорғау органдарынан арнайы жасақ құрылып, тактика бойынша әрекет жасалды. Дабыл қағылған сәттен соң лезде террористер басып алған аумақ қоршауға алынып, тұрғындардың емін-еркін жүруіне шектеу қойылды. Оқиға орнына жақын жерден орталық штаб құрды. Сондай-ақ өрт сөндіру мен алғашқы көмек көрсету көлігі де көше қиылысына тоқтап, дабыл күтті. Терроризмге қарсы операция екі сағатқа созылып, оның барысында полицияға шабуыл мен жасанды жарылыс болды.
Бұл оқу-жаттығу тұрғындарға терроризмнің қауіпқатерін түсіндірсе, құқық қорғау органы азаматтарына тәжірибелік сабақ болды. Жаттығу барысында мамандар қарапайым тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмеуге қызмет етсе, тұрғындар қауіп төнген кезде қимылдау алгоритімін үйренді.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ


17 қазан 2020 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930