» » Оқу-жаттығу жиыны

Оқу-жаттығу жиыны

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабымен Мөлтек ықшам ауданындағы №183 орта мектеп аумағында шынайы ұрысқа жақын жағдайда, терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті.
Терроризм актісінің алдын алу үшін арнаулы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жұмылдыру қажет болған соң, іс-шара барысында олардың өзара әрекеттесу тәртібі пысықталды. Терроризмге қарсы операция жүргізген кезде пайда болуы мүмкін мәселелер шешілді. Мысалы полиция қызметкерлеріне шабуыл, азаматтарды кепілге алу жағдайы жасалды. Сонымен қатар, оқу аясында кент тұрғындары арасында терроризм актісінің қаупі және жасалған кездегі іс-қимыл жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бұл – қауіп төнген жағдайда қимылдау алгоритмін тұрғындардың есінде сақтауға септігін тигізіп, өздері мен жақындарының өмірі мен денсаулығын қауіптен сақтауға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу жиын нәтижесі Қармақшы ауданы жедел штабының терроризм актілерін алдын алуға дайын екенін көрсетті. Кепілге түскен барлық азамат құтқарылып, қылмыскерлер құрықталды.
Г.ДҮЗЕНОВА
21 тамыз 2019 ж. 1 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031