» » Оқу-жаттығу жиыны

Оқу-жаттығу жиыны

Бейсенбіде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қармақшы аудандық жедел штабымен Мөлтек ықшам ауданындағы №183 орта мектеп аумағында шынайы ұрысқа жақын жағдайда, терроризмге қарсы оқу жаттығу өткізілді.
Терроризм актісінің алдын алу үшін арнаулы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жұмылдыру қажет болғандықтан, іс-шара барысында олардың өзара әрекеттесу тәртібі пысықталды. Терроризмге қарсы операция жүргізген кезде пайда болуы мүмкін мәселелер шешілді. Мәселен, полиция қызметкерлеріне шабуыл, террористің өзін-өзі жаруы және азаматтарды кепілге алу жағдайлары жасалды. Сонымен қатар, оқу аясында кент тұрғындары арасында терроризм актісінің қаупі және жасалған кездегі іс-қимылдары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл, қауіп төнген жағдайда қимылдау алгоритмін тұрғындардың есінде сақтауға септігін тигізіп, өздері мен жақындарын өмірлері мен денсаулықтарына қауіптен сақтануға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу жиын нәтижесі Қармақшы ауданы жедел штабының терроризм актілерін алдын алуға дайын екенін көрсетті. Кепілге түскен барлық азаматтар құтқарылып, қылмыскерлердің барлығы құрықталды.
Г.ДҮЗЕНОВА
15 тамыз 2019 ж. 1 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 531
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 329

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031