» » Мал шаруашылығын мандыту маңызды

Мал шаруашылығын мандыту маңызды


«Жаз – жарыс, күз – күрес». Күннің аптабы басылды. Күз келіп, ызғары түсті. Енді бір аттасақ қайратына мініп қыс келмек. Әрине, қыс – қатал. Оның сынынан сүрінбей шығу үшін осы бастан тыңғылықты дайындық керек. Шаңырақтың отын-суын қамдасақ, ендігі қолдағы тұяқтың жем-шөбін әзірлеген ләзім.

Қазір ауыл тұрғындары осыған қарекет етіп, қызу жұмыс үстінде. Кейбірі өз шаруасын дөңгелетіп, дайындық жұмысына мән беруде. Бірде Қуаңдария ауылына жол түсті. Мұнда біз Болат Әлдебайұлы басшылық ететін «Олжа» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен таныстық. Қожалықта атқарылған істер өрелі болса, алға қойған жоспарлар да аз емес. – Алдағы уақытта ауыл шаруашылық кооперативін құруға, 200 бас МІҚ малын бордақылау алаңын салуға, шаруашылық басынан жем-шөп дайындау цехы, мал сою пункті салыну жоспарлануда. Былтыр «Олжа» ШҚ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 42 млн теңге қаржы алып, биыл 117 бас асыл тұқымды ет бағытындағы аналық ақ бас сиыр, 6 бас 1 категориялы бұқасын алып келдік, – дейді шаруашылықтың басшысы. Шаруа қожалық 2 қыстау, 2 жаздық қора салып, жағдайын біршама жақсартып алған. «Мал баққанға бітеді» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған Болат Әлдебайұлының қарапайым еңбектен тапқан тірлігіне сүйсіндік. Ол алдағы уақытта мал басын әлі де көбейтіп, жұмысшылар алуға қарекет жасауда. Еңбек, тек қана еңбектің өркенді істерге жол бастайтыны рас-ау.
Айнұр ӘЛИ
13 қазан 2020 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930