» » Қатаң карантин енгізілсе, әлеуметтік көмек тағайындау қарастырылуда ма? – Министр жауабы

Қатаң карантин енгізілсе, әлеуметтік көмек тағайындау қарастырылуда ма? – Министр жауабы

Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсанда қатаң карантин енгізілуі мүмкін екенін айтып кеткен еді. Осыған орай, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мұндай жағдайда жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Министрге «Мемлекеттік резервтен қатаң карантиннің салдарынан жұмыссыз қалғандарға қанша ақша бөлінеді?» деген сұрақ қойылған болатын.

«Үкімет эпидемиялогиялық шаралардың бұзылмауы үшін барынша жағдай жасап, тиісті шаралар қолданып жатыр. Қазір елімізде жағдай тұрақты. Алдағы уақытқа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болжам жасаған еді. Дегенмен бұл сценарийлердің қайсысы орын алатынын біз білмейміз. Егер жағымсыз болжамдар орындалса, үкімет ел экономикасын сақтап қалу үшін және кәсіпкерлерді қолдау үшін шара міндетті түрде шаралар қабылдайды. Десек те жұмыссыз қалатындарға қанша ақша бөлінеді деген сұраққа жауап беру әлі ерте», – деді Нұрымбетов.
09 қазан 2020 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 513

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930