» » Облыс әкімі ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп  хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұстаз» деген ұлы ұғымда ұлылық та, жылылық та бар.
Барлық кәсіп иесі, ол дәрігер не кәсіпкер болсын, ол ақын не әкім болсын ұстаздан білім-тәрбие алып шығады. Бүгінге дейін мен де өзімді білім шыңына жетелеген аяулы ұстаздарымның алдында бала шәкірттей сезінемін.
Нағыз ұстаз болу кез-келгенге бұйыра бермеген бақыт. Өз ұстаздарымды сол бақытты еселеген жандар деп түсінемін. Мен білім алған Қызылорда қаласының қақ ортасында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектепте түрлі пәннен сабақ берген Райхан Көшкінова, Сара Тайманова, Кәмила Әбілова, Алуа Разақова, Ксения Тимофеевна Цой, Үміткүл Айманова, Айша Үсенова, Тоқсұлу Көшербаева, Күлбарам Сәдуақасова, Спандияр Дүйсеков, Жүсіп Ахметов сияқты ұстаздарымды күні бүгінге дейін ұмытқан емеспін. Өкінішке қарай, олардың кейбірі арамызда жоқ.
Алғашқы ұстазым – Айша Үсенова апай. Жетінші сыныпқа дейін Үміткүл Айманова апай, сегізінші сыныптан бастап бітіргенше Сара Тайманова апай сынып жетекшіміз болғанын айта кетейін.
Ұстаздарымның сабақта түрлендіріп өткізіп, қызықты шаралар жасаудағы тынымсыз еңбегін, сабақты ынта-шынтасымен түсіндіргендегі сәтін есіме алсам, таң қаламын. Жұмысты беріліп істеу үлкен энергияны қажет етеді. Ұстаздарымның көбі – көпбалалы. Соған қарамастан үйде бала тәрбиелеуге, мектепте бізге білім нәрін беріп, нағыз мұғалім екенін көрсетуге күш-қуаты жететін. Оларда бүгінгідей дайын тұрған көрнекі құралдар да жоқ. Бізге қолымен жасап әкелген көрнекілігінің өзі көрнекті көрінетін. Қазіргі ұстаздар да оқушыларға өз заманына лайықты білім беруде дәл осы ұстаздардай еңбек етіп жүр деген ойдамын.
Мектебіміздің түрлі жылдардағы түлектері тәуелсіз еліміздің төрт бұрышында абыройлы еңбек етіп, сүйікті Отанымыздың көркейіп-көріктенуіне сүбелі үлес қосуда. Олардың арасында менен басқа облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов, кәсіпкер-меценаттар Рая Үдербаева, Асқар Махамбетовтер де бар.
Бүгін бірнеше ұстазымның үйіне төл мерекесімен құттықтап барып, шәкірт екенімді тағы бір сәт сезіну бақыты бұйырып тұр.
Өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздарымызға қандай мақтау, мадақ айтсақ та жарасады.
Дарынды да талантты, тәлімді де тәрбиелі шәкірттеріңіз көп болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, шығармашылық табыс тілеймін!
Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар!

04 қазан 2020 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 299
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031