» » Қырымбек Көшербаев отбасы құндылықтарына негізделген пән енгізуді ұсынды

Қырымбек Көшербаев отбасы құндылықтарына негізделген пән енгізуді ұсынды

Білім және ғылым министрлігі орта мектептерде отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиеге бағытталған арнайы пән енгізу керек. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен жиында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
«Қазіргі таңда жұртшылықпен жұмыла талқылауды қажет ететін тағы бір көкейкесті рухани тақырып – отбасы мәселесі. Жалпы, жаһандану заманында ұлт ретінде сақталып қалу үшін отбасыдағы ұрпақ тәрбиесінің мәні зор. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігінің орта мектептерде отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиеге бағытталған арнайы пән енгізу бойынша ұсыныстар енгізетін кезі келді деп ойлаймыз. Сонымен бірге, белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен көпбалалы аналардан құралған ата-аналар ұйымын құрып, министрлікпен бірлесіп «Отбасы – орта мектеп» атты жастарға тәрбие берудің жалпыхалықтық әдістемесін әзірлеу қажет деген ойдамыз», – деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев зиялы қауым өкілдерінен тың ой пікір, ұсыныстары болса ортаға салуын өтінді.

«Ендігі жерде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тың тынысы ашылады деуге әбден болады. Жаһандық дағдарысты жеңіл еңсеру үшін халықтың санасын, өмір-салты мен ұстанымдарын трансформациялауымыз керек. Бұл тұрғыда бағдарламаның жаңа жобалары қажет. Осы тұста баршаңызды, яғни, зиялы қауымды, әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерін ортақ пікірлесуге, жаңа жобаларды бірлесе жасауға шақырамыз. Ұсыныстарды мәселенің маңыздылығына қарай, Мемлекеттік хатшының атына тікелей жіберулеріңізді сұраймын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде дүниежүзілік пандемия тұсында және одан кейінгі кезеңде халықтың бойына жаңа құндылықтар қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізіңіздер. Қажет болған жағдайда зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жаңа жобалар бойынша қажетті кеңестер өткізіп, ой-пікірлерін жинақтап отырамыз», – деді ол.
04 қыркүйек 2020 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 360

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930