» » Конституцияға 25 жыл

Конституцияға 25 жыл


Ата Заңда көрсетілгендей, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елдегі татулық пен бірліктің арқасында халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарып, демографиялық өсім көрсеткіші жылдан жылға артуда. Мысалы, бір ғана біздің өңірімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халық саны 592 мың адамды құраса, қазіргі таңда 809,3 мыңнан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.
-Конституцияны құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз. Ата Заңды айбар тұтып, егемендікті нығайту жолындағы жұмыстар жан-жақты жүруде. Биыл Ата Заңға ширек ғасыр толып отыр. Атаулы күнге байланысты аймақта ерекше форматта шарлар өткізіледі. Соған сәйкес Конституцияның 25 жылдық мерейлі мерекесін атап өту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтқанда, «Айбары асқақ Ата Заң» атты мерекелік онлайн концерт.Syr Shańyraǵy», «Syr Sporty», «Syr Qoǵamy», «Syr Bolashaǵy», «Syr Birligi» youtube арналарында «Ата Заңға – 25 жыл» атты зиялы қауым өкілдерінің, өнер жұлдыздарының, спорт шеберлерінің, жас көшбасшылардың және этномәдени бірлестік өкілдерінің онлайн бейнеқұттықтаулары. «Азат елдің Ата Заңы» атты белсенді жастар ұйымдарының, студент жастардың, волонтерлардың онлайн акциясы, тағы да басқа шаралар өтетін болады. Бұған қоса, Жалағаш ауданында 140 орындыққа арналған мектеп ашылады,-деді Серік Әбжәліұлы.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
26 тамыз 2020 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 292
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031