» » COVID-19: Қауіпті індет бейқамдықты кешірмейді

COVID-19: Қауіпті індет бейқамдықты кешірмейді

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №20 қаулысымен аймағымызда шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезең-кезеңімен жеңілдетілді.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, нысандардың жұмысына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етілді. Сондықтан карантин кезінде қызметін қайта бастайтын объектілер міндетті түрде InfoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу міндеті белгіленді. Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін қызметін қайта бастауға аталған порталға 3334 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 338 нысанға рұқсат берілсе, 66 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.

Қызметін қайта бастайтын нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы алгортимдер белгіленді. Ал осы санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық режимдер белгіленген Алгоритм талаптарының сақталуын қала, аудан әкімдіктері жанынан құрылған жұмысшы топ мониторингілеуде. Бұдан бөлек, карантиндік шаралардың сақталуы да мониторингтік топтың назарында, бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Бүгінгі күнге дейін карантин талаптарын сақтамағандығы үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425/1-бабы бойынша 351 хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Оның ішінде 50-ге жуық жеке тұлға карантин уақытында жұртты жинап, той өткізгендігі үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Атап өтетін мәселе, коронавирус инфекциясын 1жасқа дейінгі балалардан бастап 90 жасқа дейінгі азаматтар жұқтырған. Оның ішінде аурудың жоғары көрсеткіші 20 жастан 69 жас аралығындағы белсенді азаматтар арасында жиі тіркеліп отыр. Бұл әлі де болса жастардың ойын-сауық басқосуларының жалғасып, карантин режиміне қарамастан үлкен кісілердің ас беру, үй жағдайында той, беташар өткізу секілді көпшілік іс-шараларына баруы тыйылмай отырғандығын көрсетеді. Наурыз айында облысымызда эпидемиологиялық ахуалдың өршіп, инфекция жұқтырудың топтасқан жағдайлары осындай жиын-тойлардың себебінен орын алғаны белгілі.

Карантин таталаптары баршаға ортақ. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет. Карантин жеңілдетілгенімен вирус толығымен жойылып кеткен жоқ. Сондықтан босаңсуға әлі ерте. Бетперделік режимді сақтап, әлеуметтік арақашықтықты қадағалаңыз. Қолыңызды жиі сабынмен жуып, антисептиктерді пайдаланыңыз. Адам көп жиналатын орындарға баруды шектеңіз, түшкіру, жөтелу әдебін ұстаныңыз. Салауатты өмір салтымен айналысып, ағзаңыздың ауруларға қарсы тұратын иммундық қасиетін көтеруге жұмыс жасаңыз. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда.
20 тамыз 2020 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031