» » Онлайн семинар өтті

Онлайн семинар өтті


«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістер» тақырыбындағы семинарға Қармақшы аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев және ауданның атқарушылық округының жеке сот орындаушылары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді бірігіп талқылау.
Қармақшы аудандық сотының төрағасы Д.Кентбаев Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес борышкерді іздеу жариялауды санкциялау құзіреті прокурорға берілгенін, борышкерді Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектейтін борыш мөлшері 20-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылғанын, Заңның 33-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап 5 жұмыс күні өткеннен кейін қойылатынын түсіндірді. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістерге қарамай, кейбір жеке сот орындаушылар бұрынғы заң ережелерін басшылыққа алып келетінін атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар жаңа заң ережелерін тәжірибеде қолдану, заңға енгізілген өзгерістерді сақтап сотқа материалдар жолдауға қатысты пікір алмасып, соңынан сұрақтарға жауаптар берілді.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
17 тамыз 2020 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 992
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 670

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031