» » Жақсылығын жария етпеген жан

Жақсылығын жария етпеген жан

Апта жақсы жаңалықпен басталды. Қазір барлық әлеуметтік желіні ашып қалсақ та, теледидар қоссақ та денемізді шымыр еткізетін жағымсыз жаңалықтар легі толассыз көбеюде. Зорлық-зомбылық, індеттен көз жұмғандар туралы деректер, тағы екі аптаға ұзартылған карантиндік режим. Мұның барлығы әрине жаңалықты бақылап, газет бетінен сүйінші дегізетін оң өзгерісті күтетін халық үшін сағы суға кеткендей әсер қалдырады. Алайда, жаңалықтың барлығы жағымсыз бола бермейді ғой. Кейде күңіреніп жүріп, тосыннан сый жасалғанда айналадағы болып жатқан барлық келеңсіз оқиғалар бір сәтте ұмытылып кететіні рас. Бүгін Байқоңырда тамаша тосын сый, қамқорлыққа толы, жаны жомарт жанның берекелі ісі көрініс тауып, қайырымдылықтың шуағы шашылды.
Айгерім – 26 жаста. Бүгінде ол онкологиялық аурумен сырқаттанады. Өкпесіне ауа жетпей тынысы тарылғанда, анасы жанын қоярға жер таппай баласымен бірге қиналады. Мәуелі бәтеректей енді жайқалып келе жатқан жап-жас қыз Алланың берген ауасымен еркін тыныстай алмай, әлде бір құрылғының көмегіне зәру. Жерлесінің осындай жан жарасын бірге көтеруге асыққан қайырымды жан да табыла кетті. Ол – Гүлмира есімді апайымыз. Бұл кісі жайлы бір айтарымыз, жасаған жақсылығын еш жария етпейтін көрінеді. Тіпті осы істің басында жүрген Гүлнат есімді ару қыз да ол кісімен тек телефон арқылы сөйлесіп, мән-жайды шешіп отырған. Ешбір адам Гулмира апайды танып-білмейді. Тегін, әкесінің атын да, жұмыс орнында жарияламаған. Бізге мәлімі бар дерек – ол тек есімі ғана. Әкеміз қаланың ерікті жастарымен байланыста отырып, Ресейдің Самара қаласынан ӨЖЖ (өкпенің жасанды желдетуі) аппаратын арнайы Әйгерім үшін сатып алды. Қазіргі күні індет бүкіл әлемді шарпыған кезде мұндай аппаратты тауып алдыртудың өзі көп қаржыны да, уақытты да талап етеді. Қажетті барлық ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, Әйгерімге аппарат табысталды. Еріктілер болса оған қажетті басқа да дәрі-дәрмектер, қажетті заттарын алып беріп жақсылық жасау үшін аянбай атсалысуда. Әйгерімнің анасы дән риза. Байқоңырлық еріктілер Гүлмира апайдың бастауымен тағы бір берекелі істі тәмәмдады.
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай да құрбандық шалып, етін мұқтаж жандарға таратқанда да өзін көпшілікке таныстырып, суретке түсіп әлеуметтік желіге жарияламайтын мейірімді апаймен танысқысы келетін жандар көп. Алайда, сырт келбетін көрсетіп, көпшілікке өзін жаранамалаудан аулақ екенін түсіндік. Жасаған жақсылығын жария етпей, жаратқаннан ризашылық алуға құштар жанның жақсылығы баршаға жамағатқа үлгі болсын.

Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Байқоңыр қаласы


04 тамыз 2020 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 354

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 435

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930