» » Жемқорлықпен күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс

Жемқорлықпен күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, алдын алуды және олардың жасалуына жол берген кінәлі адамдардың жауапкершілігін шешу барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететінін, қоғамға демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұсқан келтіретіні белгілі. Ең бастысы- адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлық-заң бұзушылықтың негізгі ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірмен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Сыбайлас жемқорлықтың көріністері алдымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайды және де заңдылық принциптеріне нұқсан келтіреді.Жемқорлық фактілері туралы айтқандардың да шағымдары аяқсыз қалмайды.Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиіс. Әрине соған қарамастан лауазымын асыра сілтеп, жемқорлық санын көбейтушілер жоқ емес. Сыбайлас жемқорлықтың фактілерін азайту үшін қарапайым халықтың ынтасын арттыру мақсатында қаржылай сыйақы тағайындау да қаралыстырылған. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, алдын алуды және олардың жасалуына жол берген кінәлі адамдардың жауапкершілігін шешу барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ. Соның дәлелі ретінде бүгінгі таңда аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылып жатқан семинарлар, дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары, бұқаралық ақпарат көздеріне беріліп жатқан мақалалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып келе жетқан іс-шаралар ретінде тануымыз қажет.
Аудандық сотта сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, аудандық сот ғимаратының көрнекті жеріне сенім телефон номерлері, арыз-шағым жәшігі ілінген. Аудандық сотта төрағаның қатысуымен «Ашық есік» күндері өткізіліп тұрады. Азаматтардан түскен арыз-шағымдар уақытылы қаралып, оларға тиісті жауаптар берілуде.
Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты Қармақшы аудандық сотында 2020 жылы 6 айымен қылмыстық іс қаралмаған.
Сондықтан осы дертке шалдыққан сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін барлығымыз жұмыла күрескеніміз абзал-ақ.


Айда МЫРЗАҒҰЛОВА,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы 
29 шілде 2020 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031