» » Терминал орнатылды

Терминал орнатылды

Бірде көрші апа «бұрқ-бұрқ» етіп ашулана үйге кірді. Су-су қолын майлыққа сүрте сала үйден атып шыққан әжем:
– Әй, шырағым не болды? – деді аңтарыла.
– Бүйткен несиесі құрсын. Үйде отырып-ақ онлайн несие алуға болады дегенді естіп, балама өтініш бергізгенмін. Құдай оңдап әйтеуір мен қалаған соманы беріпті. Енді оны қалай аласың десеңізші. Анау облысқа барып терминалдан алады екен. Ауданда бір түйір болса да әлгі банктің ақша беретіні жоқ. Апа-ау, мен қалаға барып келейінші, үйіме қарап қойыңыз, – деді Мәриям ентігін баса алмай.
Көршіміз ә деместен шала-ғұла сырт киімін киіп, автобус аялдамасына беттеді.
– Түсінсем бұйырмасын, – деген әжем артық тіл қатпады...
...Жұрттың көбі несие аларда банк таңдайды. Ал банк клиентінің несие тарихын зерделеп, «жақсысын» талдайды. Қош, өзге банктерге қарағанда «Каспий банктің» көңілі кең. Сол үшін алушылар қатары да көп. Бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте, қап-қап құжат жинап, несиеге қол жеткізе алмаған күндер артта қалды. Қазір цифрландық. Бір тетікпен барлық жұмысты тарсылдатып бітіре аламыз. Ал несие алу үшін үйден шықпай онлайн өтініш қалдырып, 1 минуттың ішінде ала аласыз. Алуын алады ғой, бірақ қалтафон сізге ақша шығарып бермейді. Ол үшін «Каспий банктің» терминалы қажет. Ал ауданда ол жоқ тұғын. Бұл мәселе сан мәрте айтылды, ұсынылды. Қала мен ауыл арасында шапқылаған тұрғындардың да әл-дәрмені қалмады. Ал аудан басшысы Мұса Оспанұлы былтырғы жылға есеп бергенінде осы мәселе тұрғындар тарапынан көтерілген- тін. Әрине, барлығы аспаннан «мә» деп түсе салмайды. Сабырлық пен шыдам керек. Кешегі апта соңы жағымды жаңалықпен толықты. «Орда» сауда үйіне барған оқырманымыз бізбен қуанышын бөлісті. «Каспий банк терминалы орнатылды» деп суретін сырт еткізіп түсіріп алыпты. Ентіге орталыққа бет алдық. Расымен қып-қызыл болып жарқырап тұр. Сол жердегілерді аз-кем әңгімеге тартып, ақпаратқа қанықтық. Айтуларынша, алдағы уақытта іске қосылады. Басылымның ақпараттық сайтына жариялап, сүйіншіледік. Қуанған тұрғындардың ыстық лебізін көрсеңіз ғой. Сол күні аудан әкімі де терминалды арнайы барып көріп қайтыпты.
Алғыс кімге? Әрине нәтижеге жұмыс істеген мамандарға. Біршама уақыт банк басшылығымен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізілді. Содан соң аудан орталығына терминал қойылды. «Бұл терминал сиқыршы ма еді» дерсіз, бәлки. Расымен біраз шаруаны оңай атқаратын күші бар. Мәселен, мұнда банк қызметінің бірнеше түрін ала аласыз. Тұтынушылық несие төлемдері мен коммуналдық төлем жасауға көмектеседі.
– Әлеуметтік желідегі жағымды жаңалықты оқып қуанып қалғанымыз рас. Ендігі терминал қатары толықса, «Каспий банктің» ауданнан филиалы ашылса деген ниетіміз бар, – дейді әлеуметтік желідегі жазбалар.
Айнұр ӘЛИ
08 шілде 2020 ж. 879 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031