» » Есімдесің, Елорда!

Есімдесің, Елорда!

Елорда! Еліміздің ең жас қаласы талай жанның жүрегін жаулап, өзіне баурап алғаны сөзсіз. Бас қала бізді бала кезден өзіне ғашық етті. Көздің жауын алатын бас қаланы кітап-дәптердің бетінен, теледидардан көп көреміз. Іштей өзімізді осы қаланың көшесінде серуендеп жүргендей елестетіп, қуанып қаламыз. Ал асқақ арман орындалып, Нұр-Сұлтанға жол түскен кезде бар сұлулықты өз көзімізбен көріп, бір сәтке бақытты сезінеміз. Сол мезеттегі әсерді сөзбен айтып-жеткізу оңай болмас. Десе де бүгін біздің аудан тұрғындарының өз естеліктерін сіздермен бөліспекпіз.

Осыдан үш жыл бұрын күллі әлем назары біздің елорадаға ауып, жанжақтан туристер ағыла бастады. 2017 жылы ол кездегі Астанада халықаралық мамандандырылған ЕХРО көрмесі өтті. Бұл көрмеде біздің ел басты рөлді алып, жаңа жаһандану идеяларын ұсынды. Сондай-ақ өзге мемлекеттің ойлап тапқыштары да Болашақ энергиясы жайлы түрлі бастама көрсетті. Сол уақыттың өзінде 4 миллионға жуық қонақ қабылдаған бұл көрмені №183 мектептің Данияр Шаухатбеков есімді оқушысы тамашалап көрді. Жаз уақытында отбасымен қыдырып барған ол бұл көрмеден біраз құнды дүние алып қайтты.
– ЕХРО-дағы Нұр Әлем атты шар кейпіндегі көрмені, әр елдің павильиондарын аралаған соң болашақтағы өміріміздің қандай болатынын аңғардым. Күллі әлем қоршаған ортаны толықтай қорғап, жер жасыл кейіпке қайта оралатынын білдім. Осы көрменің арқасында таза ауаның құндылығын түсіндім, – дейді Данияр Бахытбекұлы.
Айта кетерлігі, бұл қала өзінің жас отандасына үлкен арман сыйлады. Елордаға барып келген соң жерлесіміз өзінің алдына үлкен арман қойды. Бүгінде ол өз арманын мақсатқа айналдырып, зерттеуші болу үшін тынымсыз ізденіс үстінде. 11 сыныпқа қадам басқалы тұрған Даниярдың болашақта ғалым боларына біздің де сенім мол.
2018 жылы бас қалаға үш қызын ерітіп барған Салтанат Ермағамбетқызы да көз тартар сұлулықты көзбен көріп қайтты. Мәдениет үйінің жанынан ашылған Сәния Молдабаеваның «Айқаракөз» би үйірмесінің шәкірттері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Таңғы шұғыла» атты конкурсқа жолдама алады. Өнердің ең әсем түрін жанына серік еткен жас бишілер бас жүлдеге ие болып, аудан мерейін асқақтатты. Жарыстан соң ол кездегі Астананың көрнекі жерлерін аралап, таңдана да таңқала қыдырып қайтқан.
– Астананың циркін балаларымызбен бірге қуанып, жас балаша қызықтағанымыз бар. Елорданың басты символына айналған «Бәйтеректі» де көрдік, ең жоғарысына шығып қаланы тамашаладық. Әртүрлі ойын-сауық орталықтарында демалып, Думандағы теңіз ғажайыбын көрдік. Ханшатырдың ішін аралап, қаланы жағалай ағып жатқан Есілді қайықпен жүзіп өттік, – деп қуанышты сәттерін еске алды көп балалы ана.
Нұр-Сұлтан қаласына арнайы қыдырып, демалысын әсерлі өткізіп жүрген жан қатары қазір көбейіп келеді. Олардың ішінде аудандық пошта байланыс торабының бас маманы Гаухар Мүсілімова бар. Аталған жан өткен жазда Батыр анасы Зерен Алпысбаевамен барған. Анасы мен қызы бас қаладағы барлық жаңа бастамаларды көріп, керемет жерлерді аралаған. Мәселен, Атырау облысының Нұр-Сұлтанға сыйлаған жаяу жүргеншілер көпірін жүріп өткен. ЕХРО қалашығы мен Думандағы су асты әлемін тамашалаған.
– Жазғы демалысымда арнайы НұрСұлтанға барып, саяхаттап қайттық. Анам, балам және мен елордамыздың ең әсем деген жерлерін көріп, ерекше демалдық. Бәйтерекке шығып, қаланы қызықтадық. Есілдің бойымен жүзіп отырып, қаланың көрнекі орындарымен таныстық. Ауа-райы қоңыр салқын болса да тұрғындарының жүзі жылы, қала өте әдемі, – дейді Гаухар Күздеубайқызы.
Шынында бұл қала әр қазақстандықтың өмірінде өзіндік орын алатын ерекше мекен. Ерке Есілдің жағасында жарқырап тұрған Нұр-Сұлтан күннен-күнге көркейіп, дамып келеді. Күні салқын, желі қатты болса да қаланың өзі де, тұрғыны да ерекше жылулық сыйлайды. Бұл қалаға келген жан өзін бір сәтке бақытты сезінері сөзсіз. Ал зәулім үйлерге қарап биік арманды аңсап, қаламен бірге ілгері дами бергің-ақ келеді. Қысқасы, бас қалаға бас сұға қалсаңыз таңқалмауыңыз екі талай. Бүгінде 22 жасқа толып жатқан қаланың әлі де дамып, талай жанды құшағына алары сөзсіз.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

04 шілде 2020 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 078

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031