» » Бір саланы таңдаған бір отбасы ұлдары

Бір саланы таңдаған бір отбасы ұлдары

Қазақ халқының тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлығының бірі – отбасы құндылығы. Біздің рухани құндылығымыздың негізі отбасылық дәстүрден бастау алады. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген қарапайым, әрі қасиетті қағидат қалыптасқан. Отбасы деген ұлы ұғымның атына сызат түсірмей, саналы ұрпақ тәрбиелеп, өмірін өнегеге айналдырған отбасылар әлі де жетерлік. Солардың бірегейі – Сарымсақовтар отбасы. Ұлағатты ұрпақ тәрбиесінде өзіндік қолтаңба қалдырған – Ұзақбай Сарымсақов ауданға қарасты Ақжар кеңшарында туып өскен, өмір бойы егіншілікпен айналысқан, тыл ардагері. Еліне жасаған өлшеусіз еңбегі елеусіз қалмай тыл және еңбек ардагері ретінде түрлі медальмен марапатталып, бейнетінің зейнетін көрген ардақты жан. Ал отанасы Қатша Зібайраева өмірге он перзент әкелген Батыр ана. Отағасы екеуі адал еңбегімен 10 баланы қатарынан қалдырмай өсіріп, жоғарғы оқу орынында оқытқан. Қазіргі таңда балаларының барлығы өмірден өз орнын тауып, әр салада қызмет істеуде.

Отбасының қыздары Жаңагүл сауда саласында, ал Рыскүл ауыл шаруашылығында еңбек етіп, қазіргі таңда зейнет жасында. Немере сүйіп, оларға үлгілі тәрбие беріп отырған ардақты аналар. Ал Катя Сарымсақова Байқоңыр қаласында №275 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, баласы Сейілов Мұхтар Байқоңыр қаласындағы самбо федерациясының президенті және самбодан аға жаттықтырушы. Кенже қызы Дана Ұзақбаева отағасы Нұрлан Батырбековпен 3 бала өсіріп, олардың тәрбиесімен айналысуда.
Ұзақбайдан тараған ер баланың үлкені Нұрхан Сарымсақов аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының жетекші маманы болып жұмыс істейді. Жұбайы ардагер ұстаз Несібелі Майданова екеуі 3 бала тәрбиелеуде. Баласы Бірлік Нұрханұлы аудандық полиция бөлімінде «Табиғатты қорғау» тобының аға инспекторы, полиция майоры.

Нұрлыбек Ұзақбайұлы Нұр-Сұлтан қаласында жеке сот орындаушы, зайыбы Ләззат Тоқышбекова №10 қалалық емханада дәрігер, ал баласы Батырхан Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы – медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарады.
Ал Ақылбек Ұзақбайұлы – ішкі істер органдарының ардагері, запастағы подполковник. Ол аудандық полиция бөлімінде 23 жыл үздіксіз еңбек етіп, басшылық қызметтер атқарған. Ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру саласында қызметтік міндетін абыроймен атқарған көп жылдық ерен еңбегі үшін бірнеше мәрте медальмен марапатталған. Жұбайы Тоты Көшербаева аудан орталығындағы №27 орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Жары екеуі 4 баланың ата-анасы. Балалары Жандарбек Ақылбекұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықты жұмыспен қамту департаментінде бас сарапшы болып қызмет істесе, Біржан Ақылбекұлы «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» Ұлттық ғылыми-практика орталығында» КеАҚ менеджер.

Бауырбек Ұзақбайұлы Қызылордада ANT.BUID құрылыс компаниясының директоры, жұбайы Жадыра Қожатаева қалалық өнер мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, отбасында 2 бала тәрбиелеп өсірген. Баласы Дәуірбек Бауырбекұлы қалалық прокуратурада аға прокурор.
Айдарбек Ұзақбайұлы Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі. Жұбайы Жазира Момынқұлова жеке кәсіппен айналысады, отбасында 4 бала өсіруде.
Жеңісбек Ұзақбайұлы Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры. Жұбайы Эльвира Әубәкірова №105 мектеп-лицейде педагог-психолог, баласы Сұлтан Жеңісбекұлы Нұр-Сұлтан қаласында жеке кәсіппен айналысады.
Міне, ұлағатты әке мен ардақты анадан тараған перзенттер сан салада табысты еңбек етуде. Бір қызығы – әкеден тараған ұлдардың бір саланы таңдауы. Яғни елдің тыныштығы үшін еселі еңбек етуде. Ұлағатты әке көзі тірісінде отбасы құндылығын сақтауды аманаттап кеткен балалары қазіргі таңда өздері де әке аманатын ұрпағына үлгі етуде. Отбасы құндылығының сақталып, ұрпағына жалғасуы – әке арманының орындалғаны емес пе?!

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
02 маусым 2020 ж. 1 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031