» » Елім дейтін ер болса...

Елім дейтін ер болса...

2 сәуір. Мемлекет басшысы Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Азаматтық борышын өтеуден қашып жүргендер терең күрсінсе, «Елім» деген ерлер еңсесін тік көтерді. Осындай қиын шақта халқы мен елі үшін барын беруге даяр жандар бірден қатарға қосылудың жолын іздей бастаған кез. Бірі шақырту алса, енді бірі амалсыз карантин кезінде үйде қалды. Ал арнаулы жиындарға кімдер барды?

Негізінен әскери жиынға бұрын қарулы күштер қатарында болған 60 жасқа дейінгі офицерлер, 50 жасқа дейінгі әскери міндеттілер шақырту алды. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев олардың атқарған қызметтері үшін айлық төленетінін де айтып өтті. Мәселен, бір ай арнаулы жиында болғандардың шақыртуға дейінгі атқарған қызметіндегі жалақысы сақталады, ал жұмыссыз болған жағдайда 42500 теңге көлемінде айлық алады.
Алайда, бұл арнаулы жиынға барлық азамат қабылданбайды. Шақырту алған соң олар медициналық тексеруден өтіп, іріктелінеді. Сонымен қатар, жиыннан босатылғандардың да бірқатар тізімі бар. Қауіпсіздік және құқық қызметіндегілер, авиация мамандары, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, педагогтар мен күндізгі бөлімде оқитын студенттер, әскери міндетті әйелдер, 18 жасқа толмаған 3 немесе одан да көп баласы бар тұлғалар, қылмысқа байланысты тергеу жүргізіліп жатқандар мен жергілікті әскери міндеттілер жиынға шақыртылмайды. Ал арнаулы жиынға қатысуға ынтасы зор кәмелет жасқа толмаған балалары бар әкелердің жұбайының нотариальды рұқсатымен қатардан табылуына болады.
Бағы мен бабы қатар шапқан шақыртушылар елге еңсесін көтеріп қызмет етпек. Олар үшін бұл арнайы шақырту қарапайым жұмыс есебінде болады. Себебі шақыртылғандар күндіз барып, кешке үйіне қайтып келеді. Яғни, қарапайым жұмыс күніндей қызмет етеді. Сондай-ақ мемлекет оларды түскі және кешкі аспен тамақтандырып, арнайы киім және құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді. Олар өз кезегінде блок-бекет, патруль, дезинфекциялау, күзету немесе су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылатын болады.
Жарлық өз күшіне енген соң көп уақыт өтпей 300-ге жуық алматылық өтініш беріп үлгерген. Ал Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Қызылорда облысы әкімінің сұранысына сәйкес, 40 әскери міндеттіні арнайы әскери жиындарға шақыртады. Сонымен қатар, туындаған сұрақтар немесе ерікті түрде жиынға барғыңыз келсе облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 24-73-38 нөміріне хабарласуға болады. Қорғаныс министрінің айтуынша, елімізде запастағы әскери міндеттілер жеткілікті, сондықтан арнаулы жиынға көбіне жас және ерікті азаматтар шақыртылмақ.
Шынтуайытқа келгенде әскери міндетті азаматтар осы қиын сәтте өзгелерден аз қызмет етіп жатқан жоқ. Күндіз-түні дезинфекциялау шараларын өткізіп, блок-бекеттерді күзетуге жұмылдырылып үлгерді. Қазақылыққа салып «Бауырым, барамын да келемін», «Мына тұрған бір сағаттық жер» деп тәртіпке бағынғылары келмейтіндерді үйіне қайтаруда. Көзге көрінбесе де көптің жүзіне үрей үйілткен вирустың көзін жою үшін «күшті суды» көшеге шашып, аянбай тер төгуде.
Елімізде індетпен бетпе-бет күресуге даяр әскерилер де бар. Олар Алматыдан отыз шақырым жерде небәрі 72 сағатта 100 орындық әскери госпиталь тұрғызып үлгерді. Ол жерде тіпті диагностикалық бөлімше, дәріхана, операциялық блок пен жан сақтау бөлімшелері бар. Сондай-ақ рентгендік тексеру аппараты мен өкпені жасанды тыныстандыру құралы да табылады. Яғни, қиын сәт туындай қалған кезде олар індетпен күресуге сақадай сай.

P.S.
«Ердің туы – намыс» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, елі мен ұлтына қызмет етуге даяр азаматтар арамызда жоқ емес. Бірлігі бекемнің – тірлігі көркем. Бұл індеттің де тізесін бүктіріп, көзін жоятын күн алыс емес. Ал ол күнді бір елі жақындататын – әскери жандар.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
11 сәуір 2020 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031