» » Облыс әкімі ірі сауда орындарын аралады

Облыс әкімі ірі сауда орындарын аралады

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

Мен облыс орталығындағы бірқатар сауда нысандарының жұмысымен таныстым. Солардың бірі - «Small» супермаркеті. Сауда орны басшылығына басты басымдық ретінде азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын сақтау қажеттігі айтылды. Бұлар - нан, макарон, ұн және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар өнімдер.

Бұдан соң, "Сұлтан" сауда үйіне бардым. Мұнда ет және ет өнімдерінің бағасы мен сапасына баса мән берілді. Сауда үйінің басшылығына бағаны негіссіз өсірмеу жөнінде тапсырма берілді. Біз үшін ең бастысы - қолдан жасалатын қымбатшылыққа жол бермеу.

Айта кетерлігі, қазір облысқа қосымша азық-түлік өнімдері сатып алынып жатыр және олар Қызылорда облысының әлеуметтік дүкендері арқылы сатылатын болады. Сонда ғана агроөнімдердің жеткілікті қоры қалыптасады. Осы ретте, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұзын-сонар кезек мәселесін шешу міндеттелді.

Қазір облыс тұрғындарын дәріханалардағы бетперде қорының жеткіліксіздігі және антисептик тапшылығы алаңдатады. Оған мен қаладағы "Europharma" дәріханасына барған кезімде көз жеткіздім. Тиісті сала басшыларына жергілікті өндірушілер арқылы медициналық бұйымдар өндірісін арттыру тапсырылды.
05 сәуір 2020 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 155
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031