» » Сақтық шаралары сақталуы тиіс

Сақтық шаралары сақталуы тиіс

   Қазіргі  уақытта жәндіктер мен   кеміргіштерді  жоюқызметі  лицензиялауға  жатпайды. Көрсетілген салада  қызметін жүзеге асыратын  ұйымдарға  қойылатыннақты    біліктілік  талаптар жоқ. Сондықтан  дератизациялау,дезинфекциялау қызметтерін  арнайы  оқудан өткенкәсіби  мамандары бар  ұйымдар ғана емес, сонымен  қатар тиісті нұсқамадан өтпеген  адамдармен және  өңдеу үшін беймәлім препараттарды пайдаланатын  «кездейсоқ» ұйымдармен де көрсетілуі  әбден  мүмкін. Бұдан бөлек, дезинсекциялау және  дератизациялау  құралдарының сауда  сөрелерінде еркін, бақылаусыз сатылуы тұрғындардың зиянкес  жәндіктерге  қарсы өңдеу  жұмыстарын  өзбетінше жүргізуге  алып келеді. Соның  салдарынан соңғы  кездеуытпен  улану жағдайлары  жиілепкетті. Себебі  тұрғындарда дезинсекциялау құралдарын дұрыс пайдаланудағы арнайы дағдылар  жоқ, жекеқорғаныш  құралдары пайдаланылмайды, жағымсыз  әсерлерімен уланудың алдын алу шаралары көп  жағдайда  ескерілмейді. Жыл басынан  бері елімізде дезинсекциялау, дератизациялау препараттарын  дұрыс  қолданбау салдарынан  уытты затпен уланудың 11 жағдайы тіркеліп, оның  ішінде1  жағдай өліммен  аяқталған (Маңғыстау облысында 8 жағдай, Шымкент қаласында 3 жағдай). Осы  орайда халықтың  санитарлық эпидемиологиялық саламаттылығын  қамтамасыз  ету мақсатында 1,2,3-қауіптілік сыныбына жататын дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын  қатаңтүрде қауіпсіздік  сыныбына  байланыстықолдану  керек. Мысалы, қауіпсіздік  дәрежесі 1-сыныпты  болса, жабықүй жайларда  пайдалануға  рұқсатетілмейді. Қауіптілігі 2-сыныпты препараттарды  білім беру ұйымдарында, жетім  балалар  мен ата-анасының  қамқорлығынсын  қалған балаларға арналған  білім  беру, денсаулық  сақтау ұйымдарында, қоғамдық  тамақтану обьектілерінде  және  тұрғын үй жайларда  пайдалануға  рұқсат етілмейді. Орташа  қауіпті құралдарды (3 сынып) оқытылған персоналдың  кез  келген типтегі  үй жайларда және  тұрғындардың тұрмыста, бірақ  қолдану шарттары  міндетті  түрде пайдалануға  рұқсат  етіледі. Қауіптілігі  аз құралдарды (4 сынып) қолдану саласын шектемей  пайдалануға  рұқсат етіледі.
    Дезқұралдарды  сатыпаларда  міндетті  түрдеатауына, қауіптілік  дәрежесіне, жарамдылық  мерзіміне, мемлекеттік  және орыс  тілдерінде  тиісті ақпараттардың және  құжаттарының бар  болуына, нұсқаулығына  назар аударуыңызға  кеңес  береміз.

Сәуле САЙМБЕТОВА,

Қармақшы аудандық тауарлар мен 
көрсетілетін қызметтердің сапасы 
менқауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы
03 наурыз 2020 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 324

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930