Цифрлы сот жүйесі – рухани жаңғыру аясында
Әлемнің ең дамыған елу мемлекетінің қатарынан көрінген еліміздің алдында әлі де алар асу мен биік белес тұрғаны анық. Кемел дамуымыздың бағытын нұсқап, бағдарын айқындауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы бағдарламалық еңбегінде «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» дей келіп, оның нақты жолдарын айқындап берді.
Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» деп ел алдына үлкен міндет жүктеді. Елбасы алға қойған зор мақсатты орындау бағытында Жоғарғы сот төрағасының тапсырмасы бойынша елімізде электронды сот жүйесін дамыту, соттар қызметіне ақпараттық технологияны енгізу жұмыстары жүйелі түрде іске асып келеді.
Елдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша цифрлы технологияға ең алғаш қадам басқан да сот саласы болатын. Соған сай, сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды іс қағаздарын және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Мәселен, «Сот кабинеті» сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Электронды сот ісін жүргізуді дамытуға, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында «Мобильді сот кабинеті» және «Процеске қатысушысының күнтізбесі» сервистері жұмыс жасауда.Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін, Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың «sud.kz» ресми сайтында іске қосылған. Ол соттың да, сотқа жүгінген азаматтың да уақыты мен жұмысын азайтады. Себебі электрондық операцияларға 3-5 минуттан ғана уақыт жұмсалады, бұл азаматтың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға қатысты біршама жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді.

Телжан ӘМІР,
аудандық соттың жетекші маманы
аудандық соттың жетекші маманы