» » «Мені бәрі Сико дейді»

«Мені бәрі Сико дейді»

ЖОСАЛЫ, 18 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қайсыбір күні жиналыстың тығыны ашылып келесі жиналысқа шықпақ болғанымда көлігімнің дөңгелегі жарылып қалмасы бар ма?... «Қап, не істемек керек?» деп ойланып тұрып, арнайы маманға желімдетуді жөн көрдім. Содан жақын жердегі дөңгелек жөндеу шеберханасына барып кезек күттім.
   Алдынан көлік арылмаған шағын шеберхананың ішінде жалғыз жігіт жұмыс істеуде. Сыртынан қарап «мына кезек күткендердің бәрін жіберем дегенше бүкіл уақытым кететін болды – ау» деп өзімше тон піштім. Жоқ, әлгінде ғана тұрғандардың жұмысы тез бітіп тарай бастады. Ұядай бөлменің ішіне кіріп әлгі қызмет көрсетіп жатқан жігітке жағдайымды айтқаным сол еді «қазір інім екі минут күте тұр» деп ақжарқын көңілмен шаруамды әлден шешкендей болды. Менен кейінде шаруасы қауырт болып келіп жатқан қаншама. «Сико жолға шығып барам, тездетіп жамап, дөңгелегіме жел айдап берші» дегендерге «болды ағасы қазір күте тұрыңыз» деп ешқайсысының көңілін қайтармайды. Айтпақшы көпшілікке «Сико» атанып кеткен бұл жігіттің шын есімі – Кеңесбек Қасымов.
   Өз ісінің маманы атанып кеткен Кеңесбектің бұл кәсіпті серік еткеніне он жылдан асыпты. Бұдан бұрын елден жырақ кетіп, он бес күн бойы вахталық жұмыста шопыр болған ол, кейін ауылға оралып нәпақасын осы жерден табуды жөн көріпті. Уақыт өте жеке кәсіпкер Сапа Нұғымановтың қарамағына дөңгелек желімдеуші қызметіне жұмысқа кіріп, сол жылдан бастап кәсібін шыңдайды. Бүгінде Кеңесбекті танымайтын жан жоқ. Ісіне адал маманның еңбегіне дөңгелегін жұмыс етіп келгендер оң бағасын беріп те қойған. Оған дәлел іздемей-ақ, келгендердің қарасынан байқадық.
   – Жұмысым өзіме ұнайды. Сыртқа кетсем де істейтін жұмысым осы. Көп болса бес-он тиын артық шығар. Мына кәсібімде жаман емес, тапқаным жетеді, шүкір, қанағат. Кейде көліктің қарасы көбейіп түскі демалысқа уақыт таппай қаламын. Ал кейде жұмыстың болмай қалатын кездері де болады, – дейді шебер.
   Сіздерге өтірік, маған шын көргенімді айтып берейін. Кеңесбекке келгенімде бір үлкен көліктің дөңгелегін шашып жинамақшы екен. Әдетте жылдам қимылын сынамақшы болып уақытқа қарадым, сағат 11:01 кетіпті. Жинап болған соң қайта қарасам 11:04 көрсетіп тұр. Нағыз өз ісінің маманы. Бәрін қолмен істейді. Бірақ бір таң қалғаным шеберхананың іші заманға сай жабдықталса да оны қолдана бермейді. Әңгіме барысында сұрағанымда ол аппаратпен жұмыс істегенде уақыт көп кететінін айтты.
  – Ең бірінші техниканы алып келгенде «УАЗ» мәшиненің дөңгелегін құрылғымен ашпақ болдым. Содан оның әлі келмеді, әрі жәй қозғалды. Одан да «құртып алармын» деп қолмен істегенді жөн көрдім, – деді ол күліп.
   Қызметің сапасыз әрі жәй болса, кезек күткендердің уақытын жоғалтып алары анық. Сондықтан кез келген көлік жүргізуші мұндай істің маманын таңдап келетіні тағы бар.
   Кеңесбектің әр қызмет түріне қарай қойған бағасы жоқ. «Тұтынушының жағдайына қарап бергенін аламын, тіпті кейде қарызға істеп беремін» дейді. Риясыз сапалы қызметіне риза болып, тоқ көңілмен бізде көлігімізді оталдырдық.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
18 ақпан 2020 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031