#Игіістеруақыты: Сырбойылық мемлекеттік қызметшілер еріктілер қызметін дамытуға атсалысады
Биылғы жыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Еріктілер жылы деп жарияланды. Бұл бастама елімізде жаппай қолдауға ие болды. Жер-жерде түрлі игілікті іс-шаралар жасалуда.


«Волонтерлік бізге жат емес. Халқымызда ата-бабамыздан келе жатқан асар жасау, жылу жинау, ерулік беру секілді ізгі дәстүрлер бар. Біздер «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, кез-келген уақытта ағайын-туысқа, дос-жаранға, көрші-қолаңға көмегімізді аямаған халықтың ұрпағымыз.

Әрине, су тасқыны, бұл - тілсіз жау және оның алдын алуда облысымызда тынымсыз жұмыстар жүруде. Бұл үшін арнайы құрылымдар да бар. Дегенмен, төтенше жағдайлардың алдын алуға атсалысып, қол көмегімізді көрсетуді жөн санадық.
Еріктілер білім, медицина, мәдениет, спорт, экология, әлеуметтік қайырымдылық және басқа да бағыттарда көмектерін көрсетуде. Сол себепті, Еріктілер жылы аясында сырбойылықтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердіигі істерге, қайырымдылық шараларына барынша атсалысуға шақырамын», - деді Департамент басшысы Нұрман Талқанбаев.
Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында еліміздегі мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасының бастау алғанын хабарлаған болатын.
