» » «SMART сот» – сотқа қолжетімділікті арттырады

«SMART сот» – сотқа қолжетімділікті арттырады

Сот саласында заманауи технологияларды қолдану қарқыны күшейді. Басты мақсат – заман ағымына сай, қағазбастылықтан арылып, азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, дер кезінде қызмет көрсету.
Елбасының бастамасымен сот реформасында тәжірибенің озық үлгілері қолданылып, сот жүйесі уақыт озған сайын халықаралық стандарттарға сай жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Айтып өту керек, республика бойынша барлық сот мәжіліс залдары 100 пайыз дыбыс-бейнежазба қондырғыларымен жабдықталды.
«SMART сот» жобасы заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу және оларды сот ісін жүргізуді қолдану сот ісін жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сот отырысына мобильдік бейнеконференция байланысы арқылы қатысу үшін мобильдік құрылғыға App Store немесе Play market арқылы жазылған «TrueConf» қосымшасын жүктеп, сотқа онлайн режимінде сот мәжілісін өткізу туралы жүйеге кіру үшін логин мен құпия сөзді алу қажет.
«SMART сот» сот мәжілісін айтарлықтай жылдам өткізуге және тараптардың ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының аясында жүзеге асқан. Сот процестерін «виртуалды» өткізу, яғни «TrueConf» бағдарламасы арқылы сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ұялы бейнебайланыстың артықшылықтарының бірі – ұтқырлық. Оны саяхат кезінде, кеңседе, үйдеде пайдалануға болады. Смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады. Тек оларға арнайы бағдарлама жүктеу қажет. Мәселен, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технонлогияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болады.
Аудандық сотта «SMART сот» жобасы аясында 2019 жылда бейнеконференцбайланыс арқылы 38 іс қаралған.
Уақыт талабына сай, сот жүйесі өз қызметін жетілдіріп, тиімділігін арттыра түсуді әлі де жалғастыра береді.

Е.Кутыбаев, Қармақшы аудандық сотының судьясы
18 қаңтар 2020 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031