» » Пандус, неге биіксің?

Пандус, неге биіксің?


Сіз өзіңіз тұрып жатқан қоғамды қаншалықты кедергісіз елестетесіз? Бәлкім біз қойған сауалға түсінбеген де боларсыз. Онда ашығынан айтайық. Қазір қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаншалықты жағдай жасалған? Әсіресе, қоларбамен жүретін мүгедектерге арналған пандустар мәселесі қалай шешімін табуда? Жалпы пандус кімге керек?
Дереккөзге сүйенсек, елімізде жарты миллионға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Соның ішінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, балалар мен ересектерді қосқанда 75 мыңға жуығы – 1 топтағылар.
Еліміздің Конституциясында мүгедектерге қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндік жасаудың құқығы тайға таңба басқандай белгіленген. Тіпті ол туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз аймаққа айналуға тиіс» деді. Осы тапсырманы орындау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы қолға алынды.
Мәселен, Англияда 2017 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген заң бойынша автобустарда жиналмалы пандустар болуы керек. Ал АҚШ бұл мәселені сонау 1990 жылы ADA (Americans with Disabilities Act), яғни америкалық мүгедектер туралы заңымен бір жақты еткен. Соның арқасында мүгедектер ғана емес, мұқтаж жандардың бәрі стандартқа сай пандустардың шарапатын көруде.
Жақсы, алысқа бармай-ақ өзіміз тұрып жатқан кентімізде де мекеме, сауда дүкендерінің кіреберіс есік алдына пандус орнатылған. Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін қоғамнан тыс сезінбеуі үшін. Дегенмен, кейбір жердегі пандус өткелі мүгедектердің жүріс-тұрысына қиындық туғызатыны жасырын емес. Мысалы қарапайым халықтың көп баратын кей сауда орталығы мен дүкендерде пандус жайсыз. Жоғары шыққан жағдайда көмекті қажет етеді. Өкініштісі сол – мүгедек жандардың емін-еркін жүріп-тұруына қиындық туғызады. Алайда барлық жердегі жағдай мұндай емес. Кей мекемеде пандус талапқа сай жасалған. Яғни, тік көтерілген. Біртіндеп жоғарылайды. Екі шетінде қолмен ұстайтын жақтау темірі бар. Арба итерген жанға еш қиындық келтірмейді.
Жалпы, мүгедектер үшін кіреберіс табалдырықтың болмағаны дұрыс. Бұл олардың кедергісіз жылжуына мүмкіндік бермейді. Халықаралық талаптар бойынша ғимаратта табалдырықтың бар болуы мақұлданбайды. Оны сала мамандары да пандустың талапқа сай өзіндік ережесі бар дейді.
– Стандартқа сәйкес пандустың ені 1 метр, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт. Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алау аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 сантиметрден кем болмау қажет. Едені тайғанамайтын материалдан жасалуы немесе тұтқыш төселуі керек, – дейді маман А.Үмбетаев
Осыдан бір жыл бұрын бір көрініске куә болдым. Қаладағы зейнетақы қорына барып, келісім-шарт алуға кезекке тұрдым. Сәлден соң есік жақтағы шақыру қоңырауы шырылдағаны сол еді, кезек күтіп отырғандар мойынын созып есікке қарады. Көшеде кетіп бара жатқандар қоңырау тетігін ойнап басып кетті ме деген ой келді. Жоқ. Арбаға таңылған жас жігіт табалдырыққа келіп тұр екен. Мекеме күзетшісі дереу қызмет көрсетіп табалдырыққа арба өтетін өткел қойып өткізіп жіберді. Әлгі жас жігіт мұндай көрсеткен қызметке қуанып рахметін айтты. Иә. Қоғамдық жерлерде пандус қызметі осылай жайлы болса, мүгедек жандар қоғамда өздерін жақсы сезінері анық.
Пандус – жалғыз мүмкіндігі шетеулі жандарға арналған өткел емес. Ол жолмен кішкентай балаңызды бесік арбаға салып сізде өтесіз, тіпті сауда орталығына барсаңыз да сол жолмен затыңызды арбаға салып алып түсесіз.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
08 қаңтар 2020 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031