» » Тоқаев ұшақ апатынан кейін көмекке келген ауыл халқына алғыс айтты

Тоқаев ұшақ апатынан кейін көмекке келген ауыл халқына алғыс айтты

  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен құтқарушыларға көмекке келген Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс білдірді.


 – Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.
 Бұған қоса, президент зардап шеккендер үшін қан тапсырған алматылық донорларға да рақмет айтты.
  – Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
   Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.

29 желтоқсан 2019 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30