Асуларды алады жастар әлі...(фоторепортаж)
Дана қазақ «Жас келсе – іске!» деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі таңда алғыр да парасатты жастардың қоғамда алатын орны ерекше. Туған жерінен түлеп ұшып, туған ауданына келіп еңбек етіп жатқан жастардың қарасы жыл санап артуда. Бүгінде жастар саясатына қатысты басты басымдықтардың бірі – жас буынды жан-жақты білім алуға, отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу. Осы мұратты жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында биылғы жылды Елбасы – Жастар жылы деп жариялады. Жыл аяғы да жақындады. Ел келешегінің кемелі қаншалықты артты? Құр ұрандатып шаралармен шектелген жоқпыз ба?



Жастар форумының қорытынды кеші «Малике ана» мейрамханасында үлкен форматта өтті. Кеш қонағы болып аудан әкімі Мұса Қалдарбеков, әкім орынбасары Жарқын Омаров және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов қатысты. Шара биылғы жылы жастардың өңірде атқарған жұмыстарына шолудан басталды. «Бизнес періште» жобасы аясында жастарға егін егуге тегін жер берілген. Жақаевтың ізбасарлары Иіркөл ауылында еңбек лагерін ұйымдастырып бақша өнімін екті. Еңбегінің жемісін көріп, мол өнім алды.

Кеш соңында республикаға танымал жас ғалымдар өздерінің жаңа технологиялық жобаларын жастарға таныстырды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ

