» » Аудан әкімі: Маршрут мәселесі аяқсыз қалмайды

Аудан әкімі: Маршрут мәселесі аяқсыз қалмайды

Кез келген отбасының ауласы мен қоғамдық орын тазалығы кімге керек? Әрине, бірінші кезекте өзіне. Мұны түйсігімізбен түсінсек те, оған қам қылудан қалып барамыз. Оған көз жеткізу үшін бір сәт өзің тұрып жатқан ортаңа зер салып қарағаның жеткілікті. Кент келбетіне қарап, келген-кеткен қонақ өзімізге және біздің тазалығымызға баға береді. Адамның ой-санасы байымай, көз қарасы түзелмей, рухани өсіп кемелденуіміз екіталай. Мұны әрбір көзі ашық, көкірегі ояу жан ұғуы тиіс. Тазалық мәселесі жөнінде талай жиындар өтіп, әкім халықпен жиі кездесіп тұрды. Тұрғындардың көкейдегі сауалы мен мұң-мұқтажын тыңдаудан жалыққан емес.
Дүйсенбі күні кент әкімшілігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков мекеме басшылары мен көше комитеті төрағалары және кент тұрғындарымен кездесу өткізді. Жүздесудегі мақсат ауданда басты назарға алынған қоғамдық тәртіпті сақтау, санитарлық тазалық, көркейту көгалдандыру мәселелерін таразыға салып талқылау. Басқосуда алдымен аудан әкімі жиынның мақсатын түсіндіріп, қоршаған ортаның тазалығына тұрғындарды қалай бейімдейміз деген сауалды ортаға салды.
– Сіздермен кездесіп отырғандағы міндетім, кенттегі бірқатар мәселені өздеріңізбен еркін форматта пікір алмаса отырып шешу, – деп бастады аудан басшысы өз сөзін. Кездесуді жүргізген ол уақыт регламентін белгілеп, тұрғындарға қозғалатын мәселе төңірегінде нақты сауал қоюын ұсынды.
Бүгінде кенттің тазалығы басты назардан түскен жоқ, түспек емес. Қалай айтсақ та, тазалыққа тастай талап қажет. Бірақ оны әрбір тұрғын өзіне қою керек. Жиынның негізгі мақсаты да осы болды. Кентті көркейту-көгалдандыру бағытында, қоршаған ортаның тазалығына сеп болатын жұмыстар жүзеге аспай жатқан жоқ емес. Шама-шарқынша жүріп жатыр. Бұған жергілікті билік тарапынан да қолдау көрсетілуде. Мұны кент әкімі Шыңғыс Сыдықовтың баяндамасынан байқадық.
Баяндамашының сөзінше, 2019 жылы наурыз айында билік пен халық арасында тығыз байланыс орнату үшін тұрғындар арасынан өз еркімен белсенді азаматтардан көше комитетінің төрағасын сайлаған. Жосалы кентінде тұрғын үй қоныстаған 119 көше болса, оны темір жол өткелі екіге бөліп жатыр. Темір жолдың батыс және шығыс бетіндегі көшелерді қамти отырып, тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін 45-ке жуық көше комитеті төрағасы сайланған. Тіпті халықпен жұмыс жасау кезінде тұрғындар арасында сенімділікпен тұрақтылық сақтау үшін комитет төрағаларына арнайы куәлікте жасалынды. Жаңа құрам жүйелі жұмыс жүргізсін деген жоспармен кент әкімдігі ішінен арнайы кабинет бөлініп, қазіргі таңда қоғамдық негізде 1 маман компьютермен қызмет көрсетеді. Көше комитеті сайланғалы кент әкімшілігімен бірлесіп біраз жұмыстар атқарылуда. Жосалы кентінде көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмысын жүргізу күнделікті назарда тұрған ауқымды мәселенің бірі. Белгіленбеген орындарда жиналған ірі қоқыстарды жинауға мердігер «Қармақшы тазалығы» мекемесімен келісім-шартқа отырылып, бүгінде тонналап күл-қоқыс аталған серіктестік техникалармен шығарылды. Осындай келеңсіз көріністерді болдырмау мақсатында Абай және Рысқұлов көшесінің екі бетіне 110 дана қоқыс жәшігі орнатылды. Дегенмен, тұрғындар үйлерінен шығарылған қоқыс қалдығын белгіленбеген орынға бейберекет тастауда. Осы уақытқа дейін түнгі уақытта дарияға, көшеге тұрмыстық қалдығы қаптап тастаған тұрғынға көше комитеті төрағасының қырағы жұмысының арқасында айыппұл салынған. Бұл жайында талай жиналыстарда айтылып, газет бетіне шығып та жүрді.
Ойлап қарасақ, әкім бір өңірді басқарып отыр, сондықтан сол елдің қауіпсіздігіне, әлеуметтік жағдайына жауапты дегенмен, тұрғындар да осы жауаптылықтан жалтармау қажет қой. Мәселен, жиындарда жиі көтерілетін тазалық мәселесі түптеп келгенде кім үшін? Халық үшін емес пе? Ендеше жұрт үшін көтерілген бастамаларды жүзеге асыруда қармақшылықтарға жұмыла іс қылатын уақыт жетті. Ел ішіндегі мәселелерді шешуде атқарылатын жұмыстар тікелей тұрғындарға да байланысты.
Кездесуде тек тазалық жұмысы тақырыпқа арқау болған жоқ. Аудан әкімі М.Оспанұлы кент ішіндегі тағы бірмәселе – тұрғындарды таситын маршрут мәселесінде сөз қылды. Аялдамада автобус күтіп тұратын адам көп. Қазір таксиге мінуге халықтың қалтасы көтере бермейді. Сол үшін кент ішін айналып жүретін көлік санын көбейтсек деген ұсынысын ортаға салды. Алайда ол жұмыспен айналысатын жүргізуші тапшы. Аудан басшысы осы қызмет түрімен айналысам деген адамға көмек қолын созатынын, тіпті субсидия алып беретінін жеткізді. Иә, мұндай ұсыныс екі қолға бір күрек таппай жүрген жанға берілген тамаша мүмкіндік десек артық айтпаймыз. Алдағы уақытта бұл мәселе аяқсыз қалмайтыны рас.
Сонымен қатар жиында ел ішіндегі тәртіп мәселесі де қозғалды. Түнделетіп көше кезетін жастардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын алу шарасын күшейту талқыланды. Бұзақылыққа барғандардың ата-анасына, мектеп жасында болса оның оқытушысына және тәрбиешісіне шара қолдануын тапсырды.
Кездесу соңында жоғарыда аталған мәселелерді шешу бағытында тұрғындар мен көше қауымдастығының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырма берілді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
25 қараша 2019 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 909

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031