» » «Ғасыр дертімен» күрес қалай жүргізілуде?

«Ғасыр дертімен» күрес қалай жүргізілуде?

Ол кезде күз болатын. Шатырдан тамшылай аққан жауынның тырсылы ғана естіледі. Сары түске боялған күз бейнесі ол үшін – түссіз, сүреңсіз. Айнала жым-жырт. Жылулық жоқ. Екі қолымен тізесін құшақтаған күйі терезеден телміре қараған Ару жалғыз қалғандай. Санасындағы сан-сауал миын «жеп» бітті. «Кімге керекпін? Неге мен?». Ол үшін өмірдің мәні қалмады. Дәрігер оның індет жұқтырғанын айтқанда сенгісі де, естігісі де келмеп еді. Енді міне емхананың табалдырығын тоздырып, дертімен күресіп келеді...
Бұл дерт – адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы. Естіп пе едіңіз? Әрине, бұл жайында мектептегі баланы «түртіп» қалсаң зуылдай айта жөнеледі. Атауы-ақ – үрей тудырады. Бұрын «естімеген елде көп» деп шошына қарайтынбыз. Қазір мүлдем басқа. Аурудың бетін қайтаратын түрлі дәрі-дәрмек әзірленуде. Тек ауруын жасырмай, уақытылы ем-дом қабылдаса болғаны.
Биыл елде 2 750 АИТВ жұқтырғандар тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 326 жағдайға өскен. Кумулятивтік саны ҚР бойынша 35 701 болса, облыста – 155 адам. Ауданның өзінде – 10 адам. Биылдың өзінде аймақ бойынша 14 адам жұқтырып үлгеріпті. Қасірет пе?

Тарихынан сыр шертсек...

ЖИТС этимологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. Бұл туралы ең алғашқы ғылыми баяндамада гомосексуалист ер адамдарда жиі кездескені, белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақалада жазылған. 1982 жылдың шілдесінде алғаш рет жаңа ауруға ЖИТС термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖИТС ресми түрде ауру деген мағынада қолданды. 1981-1984 жыл аралығында дерттің таралуын болдырмас үшін түрлі жұмыс жүргізілді. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын 1983 жылы бір-бірінен бөлек Люк Монтанье басшылығының қол астында Францияда Пастер институты мен Роберт Галло басшылығының қол астында АҚШ ұлттық ісік ауруын зерттейтін институтындағы екі лаборатория анықтады.
1983 жылдың 20 мамырында Science журналы зертеулер нәтижесінде науқастардың ағзасында жаңа ретровирус кездескені туралы жазды. Бұл мақалада жаңа ашылған қоздырғыш HTLV топ қоздырғышына жататыны айтылған. Зерттеушілер жаңа табылған қоздырғыш ЖИТС-ты тудыру мүмкіндігін ұсынды. 1984 жылы мамыр айында зерттеушілердің хабарлауы бойынша, ЖИТС-пен ауыратын 72 адамның 26-сы лимфоциттерінен, пре-ЖИТС жағдайымен ауыратындар арасында HTLV-III қоздырғышы анықталған. Алайда олар 115 дені сау бақылау тобындағы гетеросексуалдардың арасынан қоздырғыш таппады. Себебі Т4 лимфоциттардың санының аздығына байланысты кездеспеген. Қоздырғыштың алғашқы атауы «АИТВ» деп өзгертілді.

«Ғасыр дертімен» күрес қалай жүргізілуде?

Әлемде АИТВ тіркелген күннен бастап оны 76 миллионнан аса адам жұқтырған, оның 35 миллионнан астамы ЖИТС-ке ілеспелі аурудан қайтыс болыпты. Жер бетінде жыл сайын АИТВ-ға шалдыққан 2 млн адам тіркеледі. Бұл індетпен күресу мақсатында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында БҰҰ-ның Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл кампания АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы, денсаулығы мен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және емделу сапасын қамтамасыз етуге, теңсіздік пен кемсітушіліктен қорғау шараларымен жұмыс істейді. Осы кампания шеңберінде аудандағы АИТВ саласындағы мамандар тұрғындардың барлық тобына ақпараттандыру жұмысын жүргізеді.
– Адамның иммун тапшылығы вирусы иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, оның қызметін бұзады. Вирусты жұқтыру – иммундық жүйенің үдемелі азып-тозуына және нәтижесінде «иммундық тапшылыққа» әкеледі. Ал жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – АИТВ инфекциясының ең соңғы сатысына қолданылатын термин. Оған 20-дан астам оппортунистік инфекциялардың немесе АИТВ-мен байланысты обыр түрлерінің пайда болуы тән. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйығы немесе ана сүті дені сау адамның қанына инъекция, дене жарасы арқылы немесе сілемейлі қабыншағына түссе жұғуы мүмкін. Ал тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес. АИТВ жұқпасын толығымен емдеп, құлан-таза айығуға арналған дәрі-дәрмек әлі пайда болмады. Дегенмен науқастың өмір сапасын жақсартуы мен өмірінің ұзақтығына әсер ететін дәрілер бар, – дейді амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аудандық аурухана дәрігері Айткүл Балмаханова.

ЖИТС негізгі үш жолмен жұғады. Соңғы 5-6 жылда жыныстық қатынас арқылы жұқтыру оқиғасы көп тіркелген. Оның ішінде анадан балаға жұғу фактісі де бар. Әсілінде қас жұлу, маникюр, татуаж арқылы жұқтырғаны да кезігеді.

– Біріншіден адамдарға алдын алу, сақтану жолын айтамыз. Тоғыз ай көлемінде мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмысын жүргіздік. Тағы айта кететін нәрсе, біздің жұмысымыз – емдеу. Халыққа түсіндіру, адамдардың көзін ашу, – дейді Айткүл Балмаханова.


Айығу... Айтуға қиын

АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқас әркез дәрігер бақылауында болуы керек. Аты айтып тұрғандай адамның иммун тапшылығы басқа да ауруларды туғызады. Оның ішінде ең көп тарағаны – туберкулез бен пневмония. ЖИТС-ты емдеу Ресейде ақылы болса, Қазақстанда ел азаматтары үшін тегін. Егер науқастан індеттің бірінші және екінші сатысы анықталса вирусты алып тастау мүмкіндігі бар. Әрі қарай адамның өзіне байланысты. Режимді сақтауы, саламатты өмір салтын ұстануы қажет.

Ерлі-зайыптының біреуі ғана ауыратын жағдайлар кездеседі. Дәрігерлер мұны дискордантты жұптар дейді. Егер де әйелі ауырып, күйеуінде оң нәтиже болса індетке қарсы терапия қолданады. Науқасты әр үш айда тексеріп тұрады.

– Инфекция бары анықталған соң мұны есту оларға оңай емес. Әр адамның психологиясы әртүрлі. Әрі қарай не істеу керегін түсіндіру үшін оларды емделушілердің арасына жібереміз. Науқастар өз оқиғасымен, тарихымен бөліседі. Психолог мамандар оларды қайта өмірге қосу үшін жұмыс істейді, – дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, ауруын жасыруға тырысатыны көп. Індет анықталған соң ол адамның жағдайын жеке өзіне ғана айтып, қалай емделу керек, қалай жұқтырмау керегін мамандар түсіндіреді. Айта кетсек, мамандар емделушілерден қолхат алады. Неге десеңіз ол адам өзінде инфекция барын біле тұра өзі басқаға жұқтырса, онда бүге-шігесіне дейін бәрі анықталып сол адамның үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Түйін
«Ауруын жасырған өледі». Бастысы – өмірден түңілмей өзін-өзі қолға алу. Қоғам болғасын бәрі болады. Мінсіз қоғам болған емес. Сол үшін жұқтырғандар уақытында дәрісін ішіп емделсе, басқаға жұқтырмайтындай жағдай жасаса, орталықпен бірге болса ұзақ әрі сапалы өмір сүрмек.

Айнұр ӘЛИ
13 қараша 2019 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031