» » Қиянат айналып келе ме?

Қиянат айналып келе ме?

Уақыт өткен сайын қуануым, күлуім, таңғалуым, тіпті, бір дүниені не адамды ұнатуым да қиындап барады. Әлде, мұның себебі тым есейіп кеткендігімнен бе? 
Жақында алпысты алқымдап қалған ескі танысымды көше бойынан кездестіріп қалдым. Өзі талай жоғары оқу орындарында студенттерге дәріс берген кісі. Түріне қарасам, қуаныштың табы білінбейді. Әшейінде сөзге тоқтамайтын кісі еді. Бұл жолғы түрінен шошиын дедім. Көзіне қарасам күйіктен ішқүсә болып ішіп кеткен секілді. Жақын маңдағы асхананың біріне шақырып әңгімеге тарттым. Өзім тау тұлғасына қарап осы кезге дейін сырттай сыйлап жүретінмін. Айналасы жарты сағаттың ішінде айтқан сырлары денемді тітіркендіріп, беймәзә күйге түстім. 
Үлкен деп сыйлап жүрген кісіден жиіркеніп кеттім. Сонда да көзін енді ашқан күшіктей жәудіреген көзімді алмай отыра бердім. (кейде аңқау болуға тура келеді) Айтарға сөз таппадым.
Негізі жақсы адам. Тек жастықтың буімен талай беделді мекемелерде қізмет істеп жүріп жүргенінде әлсіздерге пендешілікпен қиянат жасағаны туралы әңгімесі жүрек түкпірімдегі нәзік қылды үзіп жібергені болмаса. 
«Қәзір алпауыт ақпараттық әгенттіктерде филөлөг, от ауызды, орақ тілді атанып, жер-жаһанға аты мәшһүр болып жүрген журнәлистер мен теәтр сахнасына сатиралық бағыттағы қойылымдардың өзіне уытты әзіл жазып жүрген қәләмгерлерге сабақ бердім ғой мен. 
Әліпті таяқ деп білмейтін студенттерім бүгінде әрқәйсісі бір-бір мектепте директөр, жоғары оқу орнында аға оқытушы, филөлөгия ғылымдарының дөктөрі. Күні кеше «Ой, қойш, осы боқмұрын не біледі дейсің? Жүрген көп тілшісімәқтің бірі. Көп болса жергілікті мерзімді басылымда тиын-тебенге мақала жазып, әкім-қаралар мен бизнесмендерді мақтап, бәйшікештердің астына көпшік төсеп-ақ күнелтер деп ойлаған «жас дарыным» білдей бір республикәғә абыройлы публицист атанды. Тіпті, жас журнәлистерге шеберлік сағатынан дәріс беретін жеке студиясы бар. 
Кезінде облыс білімпәздәрінің барлығы білім алатын мемлекеттік университетте сабақ бергенімде әлгі студенттерімнен «жылы-жұмсақ» дәметіп едім. Жұмыссыз қалғанда оқушыларымның алдына мүйізі қарағайдай басымды иіп «жарты күндік жұмыс, яки, декреттегі қыз-келіншектердің орнына уақытса болса да жұмысқа алшы» деп жалынып бардым. Қиянатым арада 15 жыл өткенде атқан оғым өзіме қайта айналып тиді.
Өмірдің заңы қатал деген рас екен. Біреуге қиянат жасасаң өзіңе қайта айналып келеді. Өркөкірек кезімде «ауылдағының аузы сасық» деп көп жігіттің «аузын күншіғісқә қаратып кеткенмін». 
Мен Алматыдағы «ЖЕНПИ»-де оқығанда олардың барлығы ауылдың шаңды, жаңбыр жауса май батпақ болатын борпылдақ көшелерінде бір көзі ғана жанатын көк трәктөр айдап жүретін. Күс-күс қолдарына қарап жиіркенетін едім. Қызық, ол кездері ылғи да аяғыма биіктігі шай қасықтың ұзындығындай туфли киіп жүретінмін. Үйдің аялдамадан қашықтығына қарамастан, жол бойы тоқтаған трәктөрғә әдемі аяқ киіммен мінуге арналатынмын. 
Мендей бәкәләвр, мәгистрәтурә, дөктөрәнтурә, аспиратура бітірген қызға «май сасыған жігіт тең емес» деп басымды қайқайтып жандарынан өте шығатынмын. Енді міне, биік өкшелі кебіс киген аяғым баспалдақтан әзер көтеріледі. Кеш батса болды қос балтырым шаншып, түрлі бағыттағы «әнге басады, басымның да қояншығы ұстайтынды шығарған.
Біреуге жасаған жаманшылығыңды көрмей көрге кірмейсің деген. Бүгінді сол жігіттер ел ағасы ретінде бір әулеттің, отбасының тірегіне айналды. Шеттерінен кәсіпкер, астарында бір-бір джип. 
Балдай тәтті немерелеріне ақсақалды ата. Келіндері «ата» деп иіліп сәлем салады. Ал менің ешкімім жоқ. Туыстардың жиын-тойына, құдайы асына бара қалсам келіндер мені алыстан көре бір-біріне сыбырласа «кәрі қыз апамыз келді» деп мысық көрген тышқандай қашады. Жасым алпыстан асқанда сүрленген кәрі қызға айналдым», – деп етегі жасқа тола, тамағына өксік толып үстел үстіне басын сүйкеді. 
Мен әлі аң-таң күйдемін. Үнемі пөзитивті көзқәрәсінә қарап, алдымдағы «көзі терлеп» отырған кісіден мұндай тебіреністі әңгіме естимін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. 
Көзіне жиналған «бұлақ суын жылғалардан ағызып» болған соң әжетхәнә барып беті-қолын жуып келді де, жуықта басынан өткен жағдайын, күнәлі істерін қайта бастады. 
Құлағымды кірлетпес үшін бұдан әрі сөздерін тыңдағым келмеді. Әйтсе де, қазақы үлкен кісінің сөзін бөлмейтін мінезіммен еріксіз басымды шұлғи бердім. Ішкі шерін толықтай сыртқа шығарғанша тыңдадым.
– Бауырым, сен жігітсің ғой, кәрі қыздардың кейбірі жарқырап жүреді де, ал, кейбірі әжірбіп, ұнжыржасы түсіп, депрессиядә жүреді, қалай ойлайсың?
– Білмедім, апай! Бәлкім, өмір салтына немесе тұрмыс жағдайының жайлы не жайсыздығынан болар. Мүмкін қаржылық жағдай қыспаққа алғандықтан шығар....
– Қәтелестің, інім! Кәрі қыздардың бәрі «етегіне намаз оқып отыр» деймісің? 
– Сөзіңіздің астары мені мына орындықтан тұрып кетуге мәжбүрлеуде...
– Інішек, сен әлі жассың. Көргеніңнен көрмегенің аз. Ана сүті аузынан кетпеген балапансың. Басың аман болса алда көпті көрерің анық. 

Арада бес минуттық үнсіздік. 
Тыныштық тұманын оның жөткірінген даусы бұзды.
«Осы апта ұстаздар мерекесін барша әріптестерім дүркіретіп тойлауда. Таныстарым қала, облыс, білім басқармаларынан алғыс хат алып, кеуделеріне жарқырата тағылған медәльдәрін суретке түсіріп интернетте сүйіншілетуде. Бір жағынан олардың жетіктіктеріне қуансам, бір жағынан көңілім пәс. Бұрын мен де облыс әкімінен сондай марапат алғанмын. Сонда маршрутта келе жатып, сахнада әкемнің атын мақтау мінберінен шығардым, қалың көпшілікке таныттым деп көзіме жас алғынмын. Есіме түсіп босап отырмын. Тоғайда өрістен адасып қалған ақсақ қой секілдімін..... 

Тағы да үнсіздік...
Жөткірініп алып, қайта әніне басты. 
«Мемлекеттік мейрәм күндері еңсемді зіл басады. Алдыңғы күні кешкілік телефөн арқылы сөйлесетін жігіт қүрдәсіммен кездестік. Дастарқанда ащы су мол болды. Атамнан қалған астай сіміре іштім. Ішімді қайнатқан алау отты сөнімен өшіргім келген еді. Әрі қарай не болғанын айтпай-ақ қояйын», – дей келе аузынан шарап исі мүңкіп тоқтады. 
Қалтасынан кішкене бөтелкесін алып қылқыта салды да тұрып кете барды. Менде масаң қәлпімен бірдеңе ұрынып қалмасын деген өймен оны тәксиге отырғызып жібердім. 

Қою қараңғылық. Өзім үйге жаяулатып келемін. Кеше ғана жауған алғашқы қардың ізі шалшық суға айналып үлгерген. Шаһар тұрғындарының көп келетін ірі сауда орталығының алды. Ой теңізіне сүңгіп бірәз жолды артта қалдырғанымды да бәйқәмәппін.


«Кешіріңіз, мына кішкентәй ауру баланың еміне қандай көмек көрсете аласыз?» деп алдыма кішкене садақа қорапшасын тосқан бозбаланың даусынан селк ете қалғанда санамдағы беймәзә ойлардан ұялдым. Сұлықсыз түрде артқа бұрылдым да тайғанақ бәспәлдәқпен жоғары көтеріліп, әмбебәп дүкеннен айран толы ақ пәкетті көтере шіқтім.


Енді міне, пәтерімнің пөдъезіне жақындап қалдым. Қарсы алдымнан сырт келбеті қораштау жігіт ағасы (бұлай әспеттеуіме сай келсе, әрине) кездесті.


«Қәріндәс, 50 теңге берші. Нан алатын ақшам жоқ», – деді қиыла. Даланы жайлаған қараңғылық болса да көзқәрәсі әлі көз алдымда.
Санасам бір күнде 4 адам садақа үшін ақша сұрапты. Бәрі де тепсе темір үзетін жігіттер....


Түн ортасынан ауған шақ. Ұйқы менен ат-тонын ала қашқан. Қатты жілдәмдіқпен ұмтылсам да жеткізер ыңғайы жоқ. Бар ойым әлгі кісіде.
«Үйіне аман-есен жетті ме екен...?
Қәйдә жүрсеңіз де аман болыңыз? Ақкөңілсіз, шындыққа құмарсыз. Сол үшін ғана сыйлаймын. Дүниеде сіздей жандар барда ешқәшән хаос орнамайды. Мен бұған сенімдімін!


Шапағат СЕРДӘЛІ 
29 қазан 2019 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031