» » Мекенжай анықтамасы берілмейді

Мекенжай анықтамасы берілмейді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы
ағымдағы жылдың  3 қазанда күшіне енгендігін хабарлайды.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген Үкімет қаулысы  шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 12-жолы жаңа қызметке ауыстырылды). Сәйкесінше аталған өзгерістердің қолданысқа енгізілуінен кейін азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуін болдырмау қажет.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мекенжай анықтамасын алып тасталған кезде орын алуы мүмкін тәуекелдердің алдын алу мақсатында, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, ведомствоға қарасты мекемелер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, білім беру мекемелері (мектеп, балабақша және т.б.), ауруханалар, монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері, коммерциялық және коммерциялық емес және т.б. ұйымдар, елшіліктер мен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар-қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты  мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.
Қосымша, азаматтар мекенжай туралы мәліметтерін «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетінде, немесе eGov mobile қосымшасы арқылы тексере алатындығын хабарлаймыз. Мемлекеттік органдар, мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелер арқылы алуы тиіс.
Егер азаматтардың мекенжайы туралы мәліметтер басқа мекемелерге, немесе жеке компанияларға қажет болған жағдайда, үшінші тұлғалар «электрондық үкімет» порталындағы «Үшінші тұлғаларға анықтамаларды алу» сервисі арқылыалу мүмкіндігі іске асырылғандығын хабарлаймыз. Ол, жеке тұлға өзінің мекенжайы туралы бір реттік ақпаратты алуға келісімін SMS арқылы жолдаған жағдайда  мүмкін болады.  Азаматтардың телефонына SMS келуі үшін ол мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тірелуі шарт.
Өз кезегінде, мобильді азаматтар базасына тіркелуді өз бетінше іске асыруға болады (электрондық үкімет порталындағы «жеке кабинетте» «телефон» жолағында телефон нөмірін көрсетіп/немесе өзгертіп электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) растау қажет), немесе өзіңізге ыңғайлы, жақын арадағы халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жүгінуге болады (қызмет көрсету тегін, бірнеше минут уақытты алады).
Н.Асанова,
Қармақшы аудандық Әділет басқармасының басшысы,  
Заңгерлер Одағының мүшесі
28 қазан 2019 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031