» » Өзіңмен алыс өлгенше...

Өзіңмен алыс өлгенше...

Айналамызға көз жүгіртсек, үнемі асығыс, қит етсе дауыс көтеріп, дауласуға бейім тұратындарды жиі кездестіреміз. Әлеуметтік желінің әсері мол қазіргі уақытта адамдарға бір мейірімділік жетіспейтін секілді. Себебіне үңілер болсақ, адамдар бір-бірімен жиі кездеспейді. Барлық нәрсені телефон көмегімен шешіп отыра беруге болатыны жасырын емес. Оған қоса, әлеуметтік желідегі әдемі әлем мен көз қызығар тартымды суретке алданып, өз өмірі қызықсыздай көрінеді. Өзгенің жетістігіне қызғаныш танытып, ол жинақтала берген соң жанындағыларды өз бойындағы жағымсыз энергиямен улайды.

Ал, әлеуметтік желідегі әдемі әлемнің шынайылығына кім кепіл? Желіге арнайы фотосессияда немесе тойда түскен керемет суреттерін қойып, өмірде тіпті сізден де қарапайым өмір сүруі мүмкін ғой. Қазіргі блогер деген атты иемденіп жүрген мамандық иесінің өзі әлеуметтік желіге өмірінің 2 пайызын ғана салады екен. Ал қалған уақытта оның немен айналысып жатқанын ешкім білмейді. Сол себепті біреуді күндемес алдын, біреуге қызықпас бұрын ой таразынан өткізу қажет. Өзгенің өмірін аңдымай, өзіміздің ішімізге үңілгеніміз әлдеқайда жақсы. Осы орайда Шәкәрім Құдайбердіұлының мына шумақтары ойға оралады.
Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше.
Өз бойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен алыс өлгенше.
Мағынасын түсінген адамға ой саларлық дүние. Себебі өзін бағындырмаған адамның биік шыңды бағындырам дегені бос әңгіме. Біз өзіміз қандай болсақ, айналамыз да сондай. Өйткені айналамыз біздің ішкі жан-дүниеміздің көрінісі. Біз өзімізде бар нәрсені ғана өзгеден көреміз. Мысалы сізде бұрын көлік болған жоқ. Ал жеке көлікті болғаннан кейін сіз көлігі барлар көп екенін аңғарасыз. Сол секілді сезім кез келген нәрсені жаңадан иемденген кезде болып отырады. Ал адамның мінезіндегі ақау тұстарын көру де осы секілді. Егер сіз ашуланшақ болсаңыз жаныңыздағы адамның барлығын солай көресіз. Өзгенің бойындағы кемшілікті көрген сәтте-ақ өзіңізді қолға алыңыз. Сабыр сақтап, өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Айтуға оңай болғанмен ең қиыны өзіңмен күресу.
Айналамызды жақсы адаммен қоршағымыз келсе, алдымен өзіміз жақсы болуымыз керек. «Өздерің өзгермейінше, мен сендерді өзгертпеймін» деген Алла сөзі де бұған нақты дәлел. Сондықтан да ойымызды, сөзімізді түзейік. Көзіміз тек жақсылық көріп, аузымыздан тек жақсы сөз шықса міндетті түрде жақсылықты ғана еститін боласыз. Күндердің күнінде гүлденген әлем мен мейірімді жандардың ортасында жүргеніңізді аңғармай қаласыз.
Қорыта келгенде: – Керемет жан санамай, өзіңді босқа,
Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста.
Иілмес айналаңның бәрі сен үшін,
Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста, – деп Ділбар Маликова жырлағандай барлығы өз қолымызда. Жақсыны көрмекке, пайдалыны үйренбекке, жақсылықты бөліспекке асық болыңыз!

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
23 қазан 2019 ж. 4 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930