» » Тізе бүккен нені білдіреді?

Тізе бүккен нені білдіреді?

Бір жылы ағамның шақыртуымен Алматыға бардым. Ол жаққа жұмыс істеуге бардым десем де болады. Алматыда кішігірім фотостудия ашып кәсіп етіп жатыр екен. Қасына көмекші керек болғасын мені шақырды. Үлкен қалада той-томалақ көп болғасын тапсырыс күнде түседі. Расында бір адамға жұмыс істеу қиын. Той алдында бөлек жастардың бірге жүрген фотосессиясын да түсіреді.
Бір күні кезекті бір тапсырысқа түсірілімге бардық. Бір жігіт қызына тосын сый жасамақшы екен. Көпшілік жүретін жерге қызын шақырып дайындалып жатыр. Фотоаппаратымызды асынып бізде күтіп тұрмыз. Бір кезде әлгі қызы келгені сол еді жан-жақтан шарлар көтеріліп, неше түрлі от шашу көкке ұшты. Міне қызық, енді бір романтикалық кештің куәсі болдық. Ортаға жігіт келіп қыздың алдына тізерлей отыра кетті. Қыздың қолын сұрап сақинасын тақты. Бақыттан басы айналған бойжеткен қуаныштан бетін басып еркелей түсті. Жұрттың назары екі жаста. Тура шетелдің киносын көргендей болдық. «Е-е-е», деп үнсіз күрсіндім. Өзге елдің жат іс-әрекетіне еліктеген қазақ жігіті осылай майдаланып барады екен ғой. Одан гөрі сүйгеніне бір құшақ гүл ұсынып «жарым болшы» деген бір ауыз сөздің өзі әлдеқайда артық еді. Әлі үйленбеген қызының алдында, жұрт алдында жігіттің тізерлеуі қаншалықты дұрыс деген сауал толғандырды. Қазіргі жігіттер кімнің алдында төменнен қарайды?
Кезінде қазақ батырлары «басымды кессең де, тіземді бүктіре алмайсың» деп жауына қасқая қарсы тұрған. Өйткені батырдың тізерлеуі – оның жеңілгенін білдірген. Себебі қазақ жігіті үшін «өлімнен ұят күшті» еді. Тек хан алдында құрметтің белгісі ретінде, датын айтып сөз бастау кезінде бір тізесін бүгіп, қолын кеудесіне қойған. Ислам дінінде Жаратқанға құлшылық жасап, тізерлеп, бас ию арқылы бағыныштылықты көрсеткен. Ал бүгінгінің жігіттері қалай?
Көпшіліктің көзінше қыз алдында тізерлеп тұрып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған романтик жігіттердің бұл әрекеті бүгінде сәнге айналды. Осылайша дұшпанының алдында ар-намысын, ұятын биік қойған жігіттер жаппай қыз алдында тізерлей бастады. Батыс елдеріне еліктеушілік бізге де жетті.
Өйткенде әлеуметтік желіде осы сұрақ төңірегінде қызу талқыға түсіп жатқан пікірлерді көзіміз шалып қалған еді. Сонда желі қолданушы бір бойжеткен «Несі бар, маған ұнайды. Тізе бүккенде тұрған не бар екен? Менің жігітім маған осылай сыйлық жасады, оны шынайы сезім деп қабылдаймын» деп пікір білдіріпті. Әрі қарай оқысаңыз тіптен ұят...
Психологтардың айтуынша, жігіттің үйленбей жатып қыз алдында тізерлеуі психологиялық түрде әлден-ақ соған мойынұсынуды көрсетеді екен. Осыдан кейін жақсының орнын жасық, алыптың орнын әлсіз ұрпақтың өсіп жетілмесіне кім кепіл?! Егер намысын қайратына жаныған жігіт болса, өзгеге еліктеп, өзгенің алдында тізерлемес еді. Есті ақылды қыз болса, ұнатқан жігітін ондайға итермелемес.
Халық әдебиетінде тізе бүгудің бірнеше шартын түсіндіріп, оны әдептілік пен тәртіп заңына негіздейді. Мәселен, жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Ал егер асығыс болса ол бір тізесін бүгіп айтқан. Бұл шаңыраққа көрсеткен құрметтің белгісі. Одан кейін бата тілегенде бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған. Соңғысы, ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ кешірім сұрап тізесін бүгіп, басын иіп айыбын төлеген.
Түйін
Батыста бастау алған «маған тұрмысқа шықшы» бастамасы қазір елде кеңінен тараған. Ертедегі батыр қазақ жігіттерінің бүгінгі жалғасы тізесін бүгуден тайсалған емес. Шынтуайтына келгенде, бұл әрекет қыз көңілін қалдырғысы келмегеннен жасалынады. Алайда нағыз махаббат тізе бүгуден құралмайды ғой. «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысшыл ер тәрбиелеу аталар арманы болған. «Әке көрген оқ жонар» деген сөз соны меңзейді. Ендеше аталар аманатына қиянат жасамайық.
                                                                                    Ерсін СӘДУҰЛЫ  
30 қыркүйек 2019 ж. 1 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031